Кері қайту

Sysmex XN-2000

Sysmex XN-2000 ең заманауи технологиялар мен басқару жеңілдігін үйлестіреді. Сенсорлық экран және графикалық интерфейс басқаруды ыңғайлы және қарапайым етеді.

  • талдағыштың өнімділігі - сағатына 200 үлгі, әрқайсысы 10 сынауықтан 10 штативті бір мезгілде жүктей отырып, үлгіні автоматты берумен қамтамасыз етіледі (қол режимінде шағын көлемді қан үлгілерін зерттеу мүмкіндігі бар)
  • бір аспап шеңберінде тромбоциттерді есептеудің үш түрлі әдістемесінің арқасында тромбоциттерді дәл есептеу
  • құрамында ядросы бар эритроциттердің жоғары шоғырлануы кезінде де лейкоциттерді сенімді есептеу
  • бірыңғай бақылау материалы
  • Caresphere халықаралық салыстыру бағдарламасының қолжетімділігі - қосымша бақылау материалдарын сатып алу қажеттілігінсіз гематологиялық зерттеулердің сапасын сыртқы бақылау жүйесіне тегін қатысудың бірегей мүмкіндігі
  • 6-diff толық гематологиялық талдау
  • құрамында ядросы бар эритроциттер санын автоматты түрде түзету жаңа туған нәрестелердегі немесе жас балалардағы лейкоциттерін  есептеу дәлдігіне кепілдік береді
  • жасуша популяциясын үш өлшемді тану лимфоциттердің реактивті және қатерлі жағдайларын ажыратуға мүмкіндік береді;
  • жетілмеген гранулоциттерді (IG) есептеу нәтижесінде жағындылар санының едәуір төмендеуі;
  • ретикулоциттерді талдау (XN RET licence) (ретикулоциттер мен ретикулоцитарлық параметрлерді зерттеу, сондай-ақ тромбоциттер мен эритроциттерді есептеудің оптикалық әдісі);
  • анализ тромбоцитов (XN PLT-F licence) (максимальная точность подсчета тромбоцитов)
  • тромбопоэзді талдаудың толық алгоритмі;
  • PLT-F референттік әдіспен (CD41/CD61) салыстырылатын тромбоциттерді сандық анықтаудың дәл әдісі болып табылады;
  • биологиялық сұйықтықтарды талдау (XN BF licence) (Биологиялық сұйықтықтарды зерттеудің дағдылы рәсімдерін оңтайландыру);
  • биологиялық сұйықтықтарды зерттеуді стандарттау;
  • WPC режимі (анықталған аномальды лейкоциттерді одан әрі жіктеу);
  • лейкоциттер мен патологиялық жасушалардың алдыңғыларын анықтау;
  • жоғары спецификалық жалаулау жүйесін пайдалана отырып, қатерлі ісіктердің пайда болу ықтималдығын жою;
  • реактивті жағдайларды көппараметрлік бағалау;
  • XN Stem cell mode - дің жасушаларымен жұмыс істеудің бірегей технологиясы.