Анемия. Неліктен бұл маңызды?
Грек тілінен аударғанда анемия «қан аздық» дегенді білдіреді, бірақ бұл анемиясы бар адамның тікелей мағынада қаны аз дегенді білдірмейді (орташа алғанда адамның ағзасында 3,5-4 литр қан болады. Анемия негізінен гемоглобиннің төмен мөлшерімен және/немесе эритроциттердің жеткіліксіз санымен сипатталатын жағдай.
Ал енді статистика бойынша әрбір төртінші адамда болатын, осынша қарапайым болып көрінетін күйді неліктен уақтылы анықтау мен емдеу маңызды екенін қарастырайық.
Адам ағзасының тіршілік әрекеті үшін қоршаған ауада бар оттегі қажет екені бәрімізге тамаша белгілі. Бірақ біздің мүшелеріміз оны қоршаған ортадан тікелей тұтына алмайды, сондықтан бұл элемент қандай да бір жолмен біздің мүшелеріміз бен жүйелерімізге жеткізілуі тиіс. Және де бұл рөлді эритроциттер мен гемоглобин өздері орындайды. Эритроциттер – негізгі қызметі оттегіні мүшелерге және көмірқышқыл газын олардан тасымалдау болып табылатын қанның қызыл жасушалары. Ал гемоглобин эритроциттердің құрамына кіретін, оттегімен тікелей байланысатын ақуыз, оттегі әрі қарай гемоглобинмен байланыса отырып адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ете отырып оларға жеткізіледі.
Гемоглобиннің және/немесе эритроциттердің жетіспеушілігі - анемия болғанда біздің ағзамыздың оттегіні жеткілікті алмайтыны ағзамыздың тіршілік әрекеті мен жағдайына жаман әсер ететіні енді түсінікті бола бастады. Оттегінің тапшылығы ең алдымен мидың, бүйректердің, қаңқа бұлшықеттері мен оны ерекше қажет ететін басқа мүшелердің жұмысына әсер етеді және төмендегі симптомдар арқылы көрініс табады:
- Жылдам шаршағыштық пен жұмысқа қабілеттіліктің жоғалуы.
- Әдеттегіден тыс жүректің жиі соғуы, әсіресе физикалық жүктеме кезінде.
- Тыныс алудың қысқа болуы және бас ауруы, әсіресе физикалық жүктеме кезінде.
- Зейін қою проблемалары.
- Бас айналуы
- Терінің бозарыңқы болуы
- Аяқтардың түйілуі
- Ұйқысыздық
Анемияның ұзақ уақыт ішінде біртіндеп дамуы мүмкін болғандықтан, бұл симптомдар да күшеюі мүмкін және Сіз өзіңіз де бұны байқамай, оған тиісті мән бермеуіңіз де мүмкін. Бірақ бұл бекер!
Анемия күшейеді, симптомдары үдей түседі, ал Сіздің жағдайыңыз нашарлай береді және диагнозды уақтылы қойып, емді бастамаса салдары тіпті қайғылы болуы мүмкін. Өйткені бұл күйдің дамуына әкелетін себептер әртүрлі болуы мүмкін: ағзадағы темірдің қарапайым жетіспеушілігі мен (гемоглобиннің синтезі үшін қажет негізгі элемент) қанды жоғалтудан, генетикалық мутациялар мен қатерлі өскіндерге дейін.
«ОЛИМП» КДЗ өздерінің пациенттеріне бар анемияны анықтауға және оның пайда болуының ықтимал себептерін болжауға мүмкіндік беретін диагностикалық тестілерден тұратын «Анемия диагностикасы» профилін ұсынады:
- Қанды лейкоцитарлық формуласымен клиникалық талдау (ЖҚТ)
- Ретикулоциттерді есептеу
- Темір (Fe)
- Трансферрин
- Ферритин
- Латентті темір байланыстыру қабілеті (ЛТБҚ)
- В12 витамині
- Фолий қышқылы
«ОЛИМП» дербес зертханалар желісі жоғарыда аталған барлық тестілерді диагностикада жоғары дәлдікке жетуге мүмкіндік беретін дәлдігі жоғары заманауи талдағыштарда орындайды.
«Анемия диагностикасы» профилін тапсыру үшін Сіз «ОЛИМП» КДЗ бүкіл Қазақстан аумағында бар 180 емшара кабинеттерінің кез келгеніне жүгіне аласыз.