Дәрі қабылдау жөнінде не білу маңызды?
Заманауи медицинаны дәрісіз елестету мүмкін емес, өйткені бүгінгі таңда терапияның дәрі-дәрмексіз өтетін түрі жоқ деуге болады. Дәрілік заттарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар екені анық және оларды пайдалануда оң нәтижеге жету үшін әр нақты жағдайда препаратты дұрыс таңдау қажет. Бірақ бұл істің жартысы ғана, себебі басты ерекшелік ол дәрі мөлшерінің дұрыс таңдалуы.
Өйткені оны мөлшерден тыс асыру жағымсыз салдардың дамуымен қауіпті (жанама әсерлер немесе дәріні мөлшерден тыс қабылдау), ал төмендету қажет оң нәтижеге жетуге мүмкіндік бермейді.
Осылайша дәрігер дәріні тағайындау кезінде екі негізгі міндетті шешуі тиіс:
Оң нәтижеге жету
Дәрілік затты қабылдау кезінде теріс салдарды болдырмау
Медицинада бұл мақсатта дәрілік терапевтік мониторинг деп аталатын, әр пациентке жеке доза мен дәріні қабылдау ретін таңдауда қолданылатын арнайы құрал пайдаланылады. Көптеген дәрілік заттар бойынша жеке ерекшеліктерді есепке алмай орташа доза белгілеу болжап білуге болмайтын салдарға әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе келесі дәрілік заттарға қатысты: эпилепсияға қарсы дәрілік заттар (вальпрой қышқылы, карбамазепин, фенобарбитал), иммундық депрессанттар (циклоспорин, такролимус), антидепрессанттар, кейбір антибиотиктер (ванкомицин) және т.б.
Пациенттерді емдеу кезінде дәрілік терапевтік мониторингті қолдануға көптеген көрсетімдер бар. Келесі жағдайларда дәрілік заттардың концентрациясын білу маңызды:
- Орташа дозада қабылдау кезінде дәрілік заттың нәтижелілігінің болмауы;
- Улану белгілерінің пайда болуы;
- Өзіндік ерекшелігі бар физиологиялық және патологиялық жай-күйлер кезіндегі проблемалық жағдайлар;
- Жүктілік кезінде.
Соңғы пунктіге ерекше назар аударылуы тиіс, себебі жүктілік кезінде өтетін әртүрлі физиологиялық үдерістер салдарынан дәрілік заттарды пайдаланудың нәтижелері өзгеруі мүмкін.
Бүгінгі таңда «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінде вальпрой қышқылы (депакин, конвулекс), карбамазепин, такролимус, циклоспорин сияқты дәрілік заттардың дәрілік мониторингі жүргізіледі. Сонымен қатар, біздің пациенттер үшін Synlab және Limbach неміс зертханалары базасында бірқатар дәрілік заттар бойынша дәрілік мониторинг жүргізіледі, олардың ішінде ванкомицин, фенобарбитал, морфин, инфликсимаб, налоксон, каптоприл және т.б. көптеген дәрілік заттар бар. Бұл зерттеулерді өткізу үшін Сіз «ОЛИМП» КДЗ желісінің Қазақстан аумағында орналасқан 190-нан астам емшара кабинетінің кез келгеніне жүгіне аласыз.