Кері қайту

Аутоиммунды аурулардың диагностикасы. ELIA зерттеуі

Сіздер ағзаны өзіне қарсы шығаратын аурулар бар екенін білесіз бе?! Сіздерге Аутоиммунды аурулар деп аталатын осы аурулар тобы туралы айтқымыз келеді.

Аутоиммунды аурулар ағзаның өзі өмірлік маңызы бар мүшелерді зақымдай отырып, сау тіндерді жоятын ауқымды аурулар тобы, яғни біз иммунитеттің теріс реакциясын көреміз.

Мысалы, бактериалды және вирустық ауруларда адамның ағзасын антиденелер қорғайды.

Антиденелер дегеніміз не? Сіз бұл жөнінде жиі ойлаған шығарсыз, себебі пандемия кезеңінде бұл медициналық терминді естідіңіз.

Антиденелер - бұл иммундық жүйе бөтен жасушалар мен микроағзалармен күресу үшін өндіріп шығаратын ерекше ақуыздар (қанның ақ түйіршіктері). Аутоиммунды аурулар кезінде антиденелер “өзінің” жасушаларын “бөтен” жасушалардан ажырата алмайды және оларға шабуыл жасайды.

 Аутоиммунды ауруларға не жатады:

  • ревматоидтық артрит;
  • жүйелі қызыл жегі;
  • васкулиттер;
  • шашыраңқы склероз;
  • жүйелі склеродермия;
  • ішектің қабынба аурулары: Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колит.

Бұл аурулар кез келген жаста дамуы мүмкін, бірақ олардың үдемелі кезі өмірдің ересек кезеңіне келеді, ағзаға теріс жүктемелер максималды деңгейге жеткенде, шамамен 20 жастан бастап.

Аутоиммунды аурулардың пайда болуын не қоздырады? Бұл әдетте күйзелістер, салқын тию, жарақаттар, әртүрлі инфекциялар. Аталған аурулар тобының аурудың ерте ағымы кезеңінде клиникалық белгілері ұқсас болатынын айтып кеткен жөн және бұл кейде симптом бойынша ғана диагноз қоюды қиындатады.

Әртүрлі аутоантиденелерді анықтау үшін заманауи және дәлдігі жоғары зертханалық диагностиканы пайдалану түпкілікті диагнозды қою және өмір сапасын жақсарта отырып, алдағы болжамға айтарлықтай әсер етуі мүмкін уақтылы емді алу үшін негізгі диагностикалық көмек беруі мүмкін.

Бүгінгі таңда “Phadia 250” талдағышында орындалатын EliA зерттеулері бүкіл әлемдегі аутоиммунды аурулардың клиникалық диагностикасы мен мониторингі саласында “алтын стандарт” болып табылады.

Phadia 250 (Швеция) талдағышы аллергия мен аутоиммунитет диагностикасындағы әлемдік көшбасшы - Thermo Fisher Scientific өнімі.

Phadia 250 талдағышының артықшылықтары үдерістің толығымен автоматтандырылуы, зерттеудің заманауи иммунохемилюминисценция әдісі, зерттеу нәтижелеріне адам факторы ықпалының болмауы. Еуропа мен Сотүстік Американың ірі диагностикалық зертханаларының көбінде қолданылады.

EliA толығымен автоматтандырылған жүйесі ревматоидтық артрит, жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас аурулары және т.б. сияқты аутоиммунды және қабынба аурулардың диагностикасын жоғары сезімталдықпен және ерекшелікпен өткізуге мүмкіндік береді.

Тек қана “ОЛИМП” КДЗ Қазақстан Республикасы аумағында өзінің пациенттеріне “Phadia 250” талдағышында орындалатын EliA зерттеулерін өту бірегей мүмкіндігін ұсынады!