«ОЛИМП» КДЗ-де генетикалық аурулар диагностикасы
Медицина мен ғылым бір орында тұрмайды, және олардың даму шамасына қарай пациенттерді диагностикалау мен емдеу сұрақтарына қатысты «ақ дақтар» біртіндеп азаюда.
Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі - молекулалық диагностика.
Бұл генетикалық ауруларды зерттеуге мүмкіндік беретін сала. Көптеген зерттеулерді жүргізудің арқасында генетикалық аурулардың саны бұрын бар деп есептегеннен көбірек екені белгілі болды. Жүректің көптеген аурулары, дамудың әртүрлі ақаулары, неврологиялық кемістіктер генетикалық сипатқа ие болып шықты.
Бұл жерде нақты генетикалық аурулар туралы айтылып тұр (бейімділік туралы емес), яғни
бір немесе бірнеше гендегі мутация нәтижесінде пайда болған жай-күйлер туралы.
Статистика мәліметтеріне сәйкес АҚШ-та неврологиялық пациенттердің үштен бір бөлігі
ауруханада генетикалық бұзылыстар нәтижесінде жатады.
Аурудың генетикалық табиғаты туралы білім не береді? Аурудың генетикалық табиғатын білудің пайдасы жоқ деп санауға болмайды, себебі бұндай ауру үкім емес. Ал оның пайда болу себебін анықтауды оны емдеу мен бұзылысты түзету үшін дұрыс бағыт табудың тәсілі ретінде қарастырған жөн.
Бүгінгі таңда бір аурулар табысты емделетін болса, ал басқалары үшін дәрігер-генетик баланың өмірінің сапасын айтарлықтай жақсартатын терапияның анағұрлым ұтымды тәсілдерін ұсына алады. Мысалы, фенилкетонурия, лейциноз сияқты генетикалық табиғатын белгілеу мүмкін болған аурулар ерте диагностикалау кезінде сәтті түзетіледі. Бұл сәбиде оның көріністерін жоққа шығаруға және жағымсыз салдарды болдырмауға мүмкіндік береді. Емдеу мен түзетуге болатын аурулар саны үздіксіз түрде артып келеді және бұл қуантпай қоймайды.
Өкінішке қарай, біздің елімізде медицина мен ғылым молекулалық диагностика мәселелерінде қатты артта қалып келеді. Және бүгінгі күнге дейін бұл ауруларды диагностикалау ыңғайсыз және қымбат болып келетін шетелге баруды міндетті түрде талап етті. Бірақ «ОЛИМП» КДЗ Қазақстандағы зертханалық диагностика нарығында көшбасшы бола отырып, орындалатын талдаулар қатарын үнемі кеңейтуде және біздің еліміздің барлық тұрғындарын әлемдік деңгейде заманауи зерттеулермен қамтамасыз етуге ұмтылуда. Сонымен «ОЛИМП» КДЗ пациенттері үшін енді генетикалық ауруларды молекулалық диагностикалау қолжетімді. Бүгінгі күні Сіздерге мың жарым генетикалық аурудың диагностикасы ұсынылады және бұл тек бірінші кезең. Болашақта бұл бағыт дами береді және тестілер қатары кеңейе түседі. Сондықтан бұны жіберіп алмас үшін біздің жаңалықтарды көріп отырыңыздар!
Генетикалық ауруларға талдаулар тапсыру үшін Сіз «ОЛИМП» КДЗ Қазақстан аумағында бар 180-нен астам емшара кабинеттерінің кез келгеніне жүгіне аласыз.
Молекулалық диагностика бойынша қолжетімді тестілер тізімімен Сіз мына жерде таныса аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша біздің байланыс-орталығына келесі нөмір бойынша хабарласа аласыздар: (2) 59-79-69