Гипотиреоз - өмірді ұрлайтын ауру.
Сіз жылдам шаршап қаласыз ба? Үнемі ұйқыңыз келіп тұра ма? Жұмысқа қабілеттілігіңіз төмендеді ме? Көңіл күйіңіз жаман ба?
Бұл симптомдарға күнделікті миллиондаған адамдар тап болады, бірақ оларды шаршаумен, жұмыспен және тағы да басқа себептермен байланыстырып мән бермейді. Алайда бұл бәріне үйреншікті сезімдер гипотиреоз сияқты аурудың көрінісі болуы мүмкін.
Гипотиреоз - бұл ағзаның қалқанша безі гормондарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеуіне байланысты туатын ауру.
Бұл патологияға ұшырағанда адамдарды шын мәнінде ештеңе мазаламайды, бірақ өмірлері бос өтеді – ештеңе қуантпайды және ләззат сыйламайды. Адам бәрінен шаршаған сияқты күйде болады және сол себепті жаны қатты қиналады, бірақ өзіне не болғанын түсінбейді. Өмір қызықсыз және сүреңсіз болады. Бұл ауруды осы кезеңде уақтылы анықтамаған және емделуді бастамаған жағдайда гипотиреоздың салдары қорқынышты болуы мүмкін.
Балаларда:
-
Баланың ақыл-ой және физикалық дамуының жетіспеушілігі, тіпті меңіреулікке дейін.
-
Жүрек проблемалары
-
Созылмалы инфекциялардың дамуына әкелетін иммунитеттің төмендеуі
Ересектерде:
-
Ақыл мен жадының нашарлауы
-
Жүрек проблемалары
-
Артериялық қысымның орнықты төмендеуі
-
Иммунитеттің төмендеуі
-
Белсіздік пен бедеулік
-
Тіпті кома
Гипотиреоз мультифакториалды ауру, яғни оның дамуына әртүрлі себептер әкелуі мүмкін. Аурудың туу себебіне және оның даму кезеңіне байланысты тиісті ем тағайындалады.
Бұл аурудың даму себептері мен кезеңдерін анықтау үшін қалқанша безінің функционалдық және органикалық бұзылыстарын зерттеуден тұратын кешенді тексеру қажет.
Егер сіз өзіңізде гипотиреоз бар екеніне сезіктенсеңіз немесе төменде көрсетілген симптомдарды байқасаңыз:
-
Кенеттен салмақ қосу
-
Шаршағыштық, ұйқышылдық
-
Жады мен ақыл-ойдың нашарлауы
-
Көңіл-күйдің үнемі түсіңкі болуы
-
Әйелдерде менструалды цикл бұзылыстарының болуы
-
Терінің құрғақтығы мен түлеуі
-
Шаштың сынғыштығы, көмескіленуі мен түсуі
-
Іштің қатуы
Онда тексеруді кейінге қалдырмаңыз және ерте диагностика емдеуді айтарлықтай жеңілдететінін және аурудың сәтті аяқталуына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін есіңізде сақтаңыз. Ал емделген соң өмір тағы да қызықты болып, ләззат сыйлайтын болады.
«ОЛИМП» КДЗ-да қалқанша безін кешенді тексеру бір емшара кабинеті ішінде.
Бізге келіп қан тапсырып, гормоналды фоныңызды зерттеуге және бір немесе басқа функционалдық бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік беретін «Қалқанша безін тексеру» профилінен өте аласыз. Сонымен қатар аталған эндокриндік мүшенің органикалық зақымдануларын анықтауға мүмкіндік беретін қалқанша безін УДЗ-ден өте аласыз.
Бұндай кешенді тексеру сонымен бірге уақытыңызды едәуір үнемдеп, қалқанша безін жан-жақты зерттеуге және дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді, өйткені «ОЛИМП КДЗ»-да ғана бір емшара кабинетінен шықпай сіз қалқанша безінің функционалды зақымдануларымен қатар, органикалық зақымдануларын да анықтай аласыз.
«ОЛИМП КДЗ» қай емшара кабинеттерінде ультрадыбыстық зерттеудің қолжетімді екенін «Қайда тапсыруға болады» бөлімінен біле аласыз. Бұны Өзіңіздің қалаңызды таңдау арқылы және «УДЗ-диагностика» қызметінің жанына жалау қойып істей аласыз.