Кері қайту

Үнсіз бруцеллез эпидемиясы

Қазіргі қоғамда табиғи өнімдер синтетикалық өнімдерге қарағанда әлдеқайда жоғары бағаланады. Соядан дайындалған бір жылға жуық жарамдылық мерзімі бар өнімге қарағанда "сиырдан алынған" сүтті "ішу әлдеқайда жақсы... Түсініксіз бір жерден сатып алынған еттен гөрі, ауылдан жақындардың беріп жіберген етін жеу дәмдірек екеніне келісесіз ғой ...  Табиғат аясына шығып, қой сойып, отқа жаңа піскен ет тағамын дайындағаннан артық қандай демалыс болуы мүмкін? Ал қол ірімшігі ше? - дүкендікімен салыстыруға келмейді. Егер сіз осы пікірлердің кемінде біреуімен келіссеңіз, онда сіз осы өнімдердің барлығымен сізді күтетін қауіпті білгеніңіз жөн! Бұл қауіп - БРУЦЕЛЛЕЗ.

Бруцеллез - тірек–қимыл аппаратына, жүйке, жүрек-қан тамырлары және несеп-жыныс жүйесіне әсер ететін жұқпалы ауру, созылмалы түрге өту мүмкіндігі өте жоғары. Аурудың бар ауырлығы созылмалы түрінде, себебі адамды әр түрлі нәрсе мазалауы мүмкін, неше түрлі емдеу жасалса да, оның әсері ұзаққа созылмайды. Оның үстіне, науқаста жұқпалы аурудың белгілері жоқ. Осы ауру туралы көбірек айтайық.

Бруцеллез - бұл зоонозды жұқпа, яғни ауру жануардан адамға жұғады, ал адамнан адамға таралмайды. Аурудың ошағы -  ауыратын ұсақ және ірі мал, шошқалар. Адамды аурумен байланыстырушы элемент ет және термиялық өңделмеген сүт өнімдері: сүт, ірімшік және брынза (оларда бактериялар 15-60 күнге дейін сақтала алады). Етте бруцеллалар 20 күнге дейін тіршілік етеді. Сондықтан жұқпа көбінесе алиментарлы (тамақ арқылы) жолмен жүреді. Алайда, қоздырғыштан тұратын шаң, жүн және көң бөлшектерін тыныстау арқылы да беріледі.

Ағзаға түскеннен кейін бруцеллаларды қорғаныс жасушалары жұтады, бірақ олар жойылмайды. Нәтижесінде бактериялар қан ағымымен аймақтық лимфа түйіндеріне еніп, көбейеді. Содан кейін олар бүткіл ағзаға тарайды.

Енді белгілерін айқындаймыз. Жұқпа лимфа түйіндерінде орналасқан кезде - ауру көрінбейді, тек олардың көлемі ұлғаюы мүмкін. Бруцеллалар қан арқылы тарала бастағанда, адам қалтырап, қызуы көтеріледі, өзін әлсіз сезінеді және тоңады. Осы кезде ағзаның иммунологиялық қайта құрылуы жүреді, бұл болашақта клиникалық көріністі анықтайды. Егер ағза мықты болса (қазіргі экология жағдайында бұл сирек кездеседі), онда адам жазыла басталады. Егер иммунитет жұқпамен дұрыс күреспесе, онда ауру жедел және созылмалы түрге ауысады. Бактериялар метастатикалық ошақтарда жиналып, реактивті-аллергиялық өзгерістердің дамуымен қайта-қайта бүкіл денеге тасымалданады. Тіннің бактерия шығып кеткен ошақ аймағы толығымен қалпына келеді немесе қалпына келмейтін тыртық өзгерістер қалады.

Созылмалы түрінде барлық мүшелер жүйесі зардап шегеді.

Жүрек-тамыр жүйесі: артериялық және күретамырлық қысымның төмендеуі, ауыр жағдайларда жүрек тінінің қабынуы дамиды – эндокардит, перикардит және миокардит. Бұл жүректің дұрыс жұмыс істемеуіне әкеледі. Тамырлардың тонусы бұзылады, трофикалық жаралар пайда болуы мүмкін.

Тыныс алу жүйесі: жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, бронхит және пневмония пайда болады.

Бауыр мен көкбауырдың көлемі ұлғаяды, оң жақ гипохондрияда ауырсыну пайда болуы мүмкін.

Ең көп зардап шегетін жүйке жүйесі. Бас ауруы, тітіркену сезімі, эмоционалды тұрақсыздық, ашуланшақтық, шамадан тыс шаршау, ұйқының бұзылуы пайда болады. Күрделі жағдайларда ми қабығының қабынуы (менингит) және психиканың бұзылуы мүмкін. Перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануы радикулиттермен, невриттермен, көру және есту өткірлігінің төмендеуімен көрінеді.

Тірек-қимыл жүйесі: буындар мезгіл-мезгіл ауырып, себепсіз жоғалады, кейін күтпеген жерден қайта пайда болады. Кейін үлкен буындар – тізе, жамбас, шынтақтың қабынуы дамиды  Ісінудің кесірінен қозғалыс шектеледі. Ем жасалмаса, аурудың барысы нашарлайды және қабыну буын ішіне өтеді - артроз, спондилитроз, анкилоз дамиды. Бұл мүгедектікке әкелетін буынның қайтымсыз өзгерістері. Миозиттің дамуына байланысты науқасты бұлшықет ауруының күшеюі мазалайды.

Несеп-жыныс жүйесі: ер адамдарда орхит (аталық бездің қабынуы) және эпидидимит (эпидидимистің қабынуы) пайда болады, бұл көбінесе белсіздікке себепші болады. Әйелде жатыр мен оның қосалқысы (оофорит, эндометрит, сальпингит) зардап шегеді, етеккір циклі бұзылады және жүктілік үзілуі мүмкін.

Эндокриндік органдардың – қалқанша безі мен бүйрек үсті бездерінің ауруға қатысын көрсететін дәлелдер бар.

Бұл симптоматика бірден пайда болмайды, біртіндеп дамиды. Сонымен қоса, осы мүшелердің барлық жүйелері бір мезгілде зақымданбайды, ауруға "кезектілік" тән, яғни қабыну үдерісіне дененің әртүрлі бөліктерінің кезектесіп қатысуымен сипатталады. Өзіңіз түсінгендей, осы белгілердің біреуін байқаса, науқастар инфекционистке жолықпайды, невропатолог, кардиолог, уролог, терапевт немесе ревматологқа көрінуге асығады.

Қорытындылай келе, пайда болған асқынуларды емдеуге тырысқаннан бруцеллезді ерте кезеңде емдеу әлдеқайда оңай деп айтуға болады. Сонымен қатар, емдеу бұл аурудың қаншалықты тез анықталғанына байланысты. Сонымен, егер сізде жоғарыда айтылғандардың кем дегенде бір белгісі байқалса, егер қолдың ет-сүт өнімдерін пайдалансаңыз, егер сіз біраз уақыт ауылдық жерде болып, кейін өзіңізді нашар сезінсеңіз, онда сіз бруцеллезге тексерілуіңіз керек!

"ОЛИМП" КДЗ ИФТ әдісімен заманауи жоғары сезімтал анализаторларда бруцеллезді анықтауды ұсынады. Бұл әдісті қолдану ауруды анықтауға ғана емес, сонымен қатар аурудың сатысын айқындауға, алғаш жұқтырған немесе қайта жұқтырған науқастарды ажыратуға көмектеседі (Іga, IgG анықтамасы). Гамалея атындағы Ресейдің эпидемиология және микробиология ҒЗИ ММ мәліметтері бойынша, бруцеллез ошақтарында диагноз қоюдың тиімділігін тек осы бір әдісті қолдану агглютинация реакциясымен салыстырғанда 11,9 есе, Хеддлсон – Райт реакциясымен 6 есе, Кумбс реакциясымен салыстырғанда 1,2 есе арттырды.

«ОЛИМП» КДЗ-нің тағы бір артықшылығы - науқастың жеке кабинетінде ғаламтор арқылы қол жетімді зерттеу нәтижелерінің дерекқорда сақталуы. Осылайша, бруцеллез анықталған кезде, емдеу барысында қажетті талдаулар жоғалмайды, оларды салыстыру арқылы науқастың жазылу динамикасын көруге болады.

Назар аударыңыз!

Сіз "ОЛИМП" КДЗ желісінің кез-келген емдеу бөлмесінде бруцеллезге тексеріле аласыз.