C гепатитін диагностикалаудағы жаңа мүмкіндіктер
Әлемде 150 миллионға жуық адам C гепатиті вирусын жұқтырған және әр жылы 3-4 миллион адам ауруды алғаш рет жұқтырады.
Қазақстанда ресми статистикаға сәйкес 2003 жылдан 2013 жыл аралығында созылмалы C вирустық гепатитімен ауыру 7,3 рет есе өскен.
C гепатиті - бұл ауруды жұқтырған адамның қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен байланысу нәтижесінде берілетін бауырдың вирустық жұқпалы ауруы. Қазіргі уақытта C гепатиті вирусын жұқтырған адамдардың 90% ауруға шалдыққандары туралы білмейді.
«Үнсіз жан алғыш» ұзақ уақыт бойы жасырын түрде өтеді және оның айтарлықтай көрінетін клиникалық көріністері жоқ, тек қана кешкі уақытта пайда болатын аздаған шаршағыштық пен қалжырағандық. Бірақ барлығы соншалықты жаман емес, заманауи медицина бір орында тұрмайды және CГВ әр типін емдеу мен диагностикалаудың жаңа әдістері енгізілуде.
Емдеудің сәтті болуы диагноздың уақтылы қойылуына тікелей байланысты, сондықтан диагностика әдістеріне қойылатын талаптар күннен күнге артуда. C вирустық гепатитін зертханалық диагностикалаудың заманауи әдәстерінің бірі ПТР-зерттеу.
ПТР (полимеразды тізбекті реакция) пациенттің қанынан тіпті аз мөлшерде C гепатиті вирусының рибонуклеин қышқылдарын (РНҚ) анықтайды. Оны ауруға қарсы антиденелер аз түзілгенде және басқа тестілер оны жай ғана анықтай алмайтын уақытта, аурудың бастапқы кезеңдерін диагностикалау үшін қолдануға болады. Бұдан басқа, ПТР-зерттеу қолданылатын терапияны мониторингілеу және оның нәтижелілігін бағалау үшін маңызды болып табылатын вирустық жүктеменің сандық анықтамасын анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні «ОЛИМП» дербес зертханалар желісі скринингтік зерттеуден бастап - серологиялық тестілер (анти-HCV total) нақты уақыт тәртіптемесіндегі ПТР-зерттеулерге дейін C гепатиті вирусының толық және сенімді диагностикасын ұсынады. Алғашқы талдау (анти-HCVtotal) тек қана бұрын немесе қазіргі уақытта вирусты жұқтыру фактісі туралы ақпаратты береді, бірақ ағзада вирустың бар-жоқтығы белгісіз болады. Бұл сұраққа жауапты ПТР-зерттеуі береді, вирустың РНҚ-н анықтау виремияны көрсетеді, сондықтан тестіні жүргізілетін терапияның нәтижелілігін бағалау үшін емделгенге дейін және емделу кезінде де өткізген дұрыс. CГВ-н сандық диагностикалаудың нәтижелілігін арттыру үшін ПТР-зерттеу Roche Diagnostic (Швейцария) компаниясының сынаманы автоматтандырылған түрде дайындайтын COBASAmpliPrep/COBASTaqMan 48 жабдығын енгізу арқылы жетілдіруден өтті.
Енді «ОЛИМП» КДЗ мамандарға пациенттердің қанынан C гепатиті вирусының бар-жоқтығын тексеруге, 15 МЕ/мл әдісінің төменгі сезімталдық шегімен вирустық жүктемесін анықтауға мүмкіндік береді.
Салыстыратын болсақ, РНҚ бөлінуі кезеңінде сынаманы қолмен дайындау элементі бар стандартты ПТР әдісімен өткізгенде сезімталдықтың төменгі шегі 300 МЕ/мл құрайды.
Аталған зерттеудің ақпараттық құндылығы созылмалы C гепатиті бар, жіті гепатиті бар, «серологиялық терезе» деп аталатын кезеңде болуы мүмкін пациенттер үшін ерекше маңызды, бұған сонымен қатар бауыр сынамалары қалыпты мәндегі серопозитивті пациенттердің «жалған теріс», серонегативті нәтижелері (анти-HCV) жатады. Барлық аталған зерттеулерге желінің Қазақстандағы 190 емшара кабинеттерінің кез келгенінде қол жеткізуге болады.
"Roche Diagnostics" компаниясының ресми хаты
* «Ересектердегі созылмалы C гепатитін диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы»
Нерсесов А.В., Калиаскарова К.С., Джумабаева А.Е., «Адам және Дәрі» журналы, Алматы қ., Қазақстан № 6 (37) б.2-20, 2014ж.
С гепатиті вирусы, РНҚ сандық анықтау (HCV-RNA, QUANTITATIVE)
Tags:
C гепатиті ПТР