Демалып болған соң - тексеруден өтіңіз!
Жыл сайын демалыстан оралғаннан кейін жазғы-күзгі мезгілдерде жыныс аймағының жұқпалы аурулары бар науқастардың саны күрт артады. Әйелдер де, ерлер де бірдей зардап шегеді. Жыныстық қатынастан жұғатын аурулар (ЖҚЖА) қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін жиі пайда болады және тұрақты отбасылық жұптарда сирек кездеседі деп саналады. Тазалығы күдік туғызатын жергілікті су айдындарында да, экзотикалық елдердің су айдындарында да шомылу кезінде ауруды жұқтыру қаупі бар. "ОЛИМП" КДЗ желісіндегі науқастарда анықталған инфекциялар арасында басым көпшілігі уреаплазмоз, микоплазмоз, кандидоз және хламидиоз. Бұл инфекциялардың дамыған түрлері созылмалы қабыну және кейінгі бедеулік пен белсіздік түрінде өте ауыр салдарға әкелетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан да денсаулығыңызқа қарап, демалыстардан кейін ЖҚЖА-ға тексеруден өткен жөн.
ОЛИМП зертханасында ПТР (ерлер/әйелдер), ИФТ және ИФР әдістерімен ең көп таралған жыныстық инфекцияларды кешенді тексеруге жеңілдік қарастырылған.
Қосымша оқыңыз: ХЛАМИДИОЗДЫ ТЕКСЕРУДІҢ 8 СЕБЕБІ.
Негізгі белгілер (Tag):
ЖҚЖА демалыс жазғы демалыс