Тағамдық аллергия
Тағамдық аллергия – бұл қалыпты зиянсыз тамаққа немесе тағамдық ингредиенттерге қатысты кез келген аллергиялық реакция. Тамақтың қандай да бір түрі көптеген тағамдық аллергендерден тұруы мүмкін. Әдетте бұл ақуыздар және анағұрлым сирек майлар мен көмірсулар. Аллергия кезінде иммундық жүйе нормадан тыс мөлшерде антиденелер түзеді, бұл ағзаны зиянсыз ақуызды инфекциялық агент ретінде қабылдайтындай реактивті етеді.
Егер де иммундық жүйеге бұл үдеріс әсер етпесе, онда бұл тағамдық аллергия емес, тағамға төзімсіздік.
Тағамдық аллергияның себептері
Ата-анасының біреуі аллергияға шалдыққан балада аллергияның даму қаупі ата-анасы аллергик болмайтын балаға қарағанда екі есе болады. Егер ата-анасының екеуінде де аллергия болса, онда балада оның дамуының қаупі одан да екі есе артады және осылайша төрт есеге артады. Бірақ балаға аллерген болып табылатын заттар оның ата-анасының аллергендерінен басқа болуы мүмкін.
Аллергияның тамақтың кез келген түріне дамуы мүмкін болғанына қарамастан, анағұрлым кең тараған аллергендер – бұл сүт, жұмыртқа, моллюскілер, соя, бидай және жаңғақтар, әсіресе жержаңғақ.
Сонымен қатар қандай да бір аллергенге реакцияның артынан дамитын тоғыспалы аллергия да болады. Осылайша жержаңғаққа аллергиясы бар адамдар басқа да бұршақ тұқымдастарға қатысты аллергик болуы мүмкін, оның ішінде асбұршақ, соя бұршақтары, жасымыққа қатысты. Сонымен бірге жұпар иісті қауындарға аллергиясы бар науқастардың уақыт өте қияр мен асқабаққа реакциялары дамуы мүмкін; дәл солай асшаянға аллергиялары бар адамдардың теңіз шаянына сезімталдығы пайда болады.
Кейбір адамдарда сульфиттерге аллергия дамиды – тамақтың түсін сақтау үшін пайдаланылатын химиялық заттар, мысалы, кептірілген жемістер мен көкөністердің.
Оларға пайда болған реакцияға сульфиттерден тұратын тамақты ішкеннен кейін болатын үзіп-үзіп тыныс алу мен аллергиялық шок жатады. Сульфиттер сонымен қатар демікпенің ауыр ұстамаларына әкелуі мүмкін.
Тағамдық аллергияның симптомдары
Аллергиялық реакциялар әдетте тамақты ішкеннен кейін бірнеше минуттан бастап екі сағатқа дейінгі уақыт аралығында дамиды. Бірақ аллергияның ауыр формаларына шалдыққан науқастарда жай ғана тамақты ұстағаннан немесе тамақтың иісінен аллергиялық жауап пайда болуы мүмкін.
Типтік ерте симптомдарға еріннің, ауыз және/немесе тамақтың ісінуі мен қышуы жатады.
Ас қорыту жүйесіне түсе отырып, тітіркендіретін тамақ жүректі айнытуы, құстыруы, ішектің шаншуын және диарея тудыруы мүмкін.
Көбінесе қышыма, есекжем, экзема және терінің қызаруы басталады.
Кейбір науқастарда тамақ тұмау, жөтел және үстірт дем алу тән болып табылатын аллергиялық ринитті тудыруы мүмкін.
Кейде аллергенді жұтқан сәттен бірнеше сағаттан бастап екі күнге дейінгі уақыт аралығында – кешеуілдетілген аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін. Бірден пайда болатын жауаппен салыстырғанда кешеуілдетілген аллергиялық реакцияның симптомдары оншалықты қатты көрініс таппайды және экзема, есекжем мен демікпеден тұруы мүмкін.
Анафилактикалық шок – бұл аллергиялық реакция ағзаның бірнеше мүшесі мен жүйелерін қамтитын сирек, бірақ өмір үшін қауіпті күй. Симптомдарына қарқынды қышыма, есекжем, тершеңдік, жұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуі, қиындатылған тыныс алу және төмен артериялық қысым жатады. Бұл жағдайды жылдам және дұрыс емдемесе, ол есінен тану немесе өлімге әкеле отырып, тез күшейюі мүмкін.
Сіз не істей аласыз
Егер сіз қауіп-қатер тобында болсаңыз (яғни сіздің отбасыңызда аллергияның жағдайлары болса), онда өз ағзаңыздың кез келген жаңа тамаққа қатысты реакциясына қырағылық танытыңыз. Белгісіз тамақтың дәмін татқан кезде кішкене бөлігінен ғана дәм татыңыз немесе одан мүлдем бас тартыңыз, әсіресе үйіңізден немесе өркениеттен алыста болсаңыз.
Сіз қандай тамақ жеп отырғаныңызды жақсы түсінуіңіз керек. Сатып алатын азық-түліктің заттаңбасын оқып жүріңіздер. Әдетте алып жүрген нәрсеңізді «жаңа» немесе «жақсартылған» деп жарияласа, заттаңбасын қайта тексеріңіз.
Тек қана балғын азық-түлікті пайдаланыңыз. Кептірілген, консервіленген және өңделген тамақты жемеуге тырысыңыз.
Балаңыздың мәзіріне жаңа тамақ өнімдерін біртіндеп енгізіңіз, әсіресе сіз және жұбайыңыз екеуіңіз де аллергияға шалдыққан болсаңыздар.
Балаңызға жаңа тамақ берген кезде оған кішкене ғана беріп, мөлшерін біртіндеп көбейтіңіз.
Тағамның қандай да бір ингредиентіне реакцияңыз пайда болса, аллергологпен симптомдар шынымен де тағамдық аллергияның салдарынан немесе басқа бір проблемадан пайда болып-болмағаны туралы консультация алыңыз.
Сізге тағамдық аллергия диагнозы қойылған болса, оны жеңудің жалғыз нәтижелі жолы – тітіркендіргіш агентті анықтау және оны пайдаланбау.
Сіз демікпемен ауыратын болсаңыз аллергиялық реакциядан өлу қаупі артады. Солай болған жағдайда, аллергиялық реакция басталған кезде жылдам қабылдау үшін өзіңізбен үнемі эпинефрин (адреналин) алып жүріңіз. Сіз эпинефрин инъекциясы қандай жағдайларда және қалай салынатынын білуіңіз керек. Антигистаминдік заттардан тұратын дәрі-дәрмекті қабылдау кейде көмектеседі, дегенмен эпинефринді пайдалану өмір үшін қажет болуы мүмкін.
Дәрігер не істеуі мүмкін
Аллерголог сіздің ауруыңыздың тарихына талдау жасап, объективті тексеру және зертханалық тестілер негізінде дәл диагноз қоя алады.
Тағамдық аллергия диагностикасында бұрын өнімнің ерітілген сығындысы терінің үстіне қойылып, сонымен бірге оны тырнап немесе тесуден тұратын скарификациялық сынамалар пайдаланылған. Ешқандай реакция болмаса, онда тест теріс болып саналады. Ал 15 минут ішінде формасы жағынан масаның шағуына ұқсайтын қызару мен ісіну пайда болса, сізде зерттеліп отырған өнімге аллергия болуы мүмкін. Бірақ бұндай тест жалған оң және жалған теріс нәтижелер беруі мүмкін. Оған қоса ол 5 жасқа толмаған балаларға көрсетілмеген және анафилактикалық шокқа дейін апаратын ауыр аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Сондықтан теріңізді тестілеуден өткізу тек қана мамандандырылған емдеу мекемелерінің жағдайларында және аурудың асқынудан тыс кезінде аллергологтың бақылауында ғана мүмкін.
Аллергендерге қарсы антиденелерді - спецификалық Е иммуноглобулиндерін анықтауға арналған қан талдаулары анағұрлым дәл болып табылады.Аталған зерттеуді кез келген жаста, аллергиялық аурудың асқынуы болу-болмауына қарамастан өткізуге болады. Сіз ОЛИМП зертханалар желісінде көкөністер, жемістер, жаңғақтар, жармалар, теңіз өнімдері, еттің әртүрлі сұрыптары, сүт өнімдері, жұмыртқа, дәмдеуіштерден және т.б. тұратын 170 әртүрлі аллергенге тексеріле аласыз. IMMULITE 2000 XPI (Siemens, АҚШ) автоматты талдағышының арқасында спецификалық Е иммуноглобулиндерін анықтауға арналған талдау жылдам және денсаулыққа ешбір қауіпсіз орындалады!
Сізде тағамдық аллергия бар екені анықталса, онда сізге болжалды аллергенді толығымен алып тастаудан тұратын арнайы диета ұсынылады. Бұндай гипоаллергенді диетаны бірнеше апта бойы қатаң сақтау қажет (ол әдетте күріш, салат, алмадан тұрады). Белгілі бір уақыттан кейін диетаны түрлендіруге болады және сосын оған дәл сол анықталған аллергенді қосуға болады. Оны енгізген кезде қайтадан аллергия дамыса, онда сізге бастаған диетаны жалғастыру керек.
Кез келген элиминациялық диета (аллергенді өнімдерді алып тастайтын диета) тек қана сіздің дәрігеріңіздің келісімімен және білікті диетологтың бақылауында ғана жүргізілуі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Өйткені тіпті бұндай диетаның өзінде сіз тамақпен барлық қажет заттарды алуыңыз керек. Дәрігер аллергенді өнімдерді онда бар құнарлы заттар мен витаминдерден тұратын басқа өнімге сауатты түрде алмастыра алады. Диетаңыздан ешқашан бүкіл өнімдердің топтарын бір уақытта бірнеше аптаға алып тастамаңыз, бұл әсіресе кіші жастағы балалар, егде және науқас адамдарға қатысты.
Қатаң диетаны сақтау көптеген адамдарға тағамдық аллергиядан емделуге көмектеседі.
Жүргізілген бір зерттеуге сәйкес 1-2 жыл гипоаллергенді диетаны дұрыс сақтаудың нәтижесінде үлкен жастағы балалар мен ересектердің шамамен үштен бірі оларды тітіркендіретін тамаққа деген сезімталдықтан арылған. Бірақ жержаңғағы, жаңғақтар, балық пен моллюскілерге аллергия көбінесе өмір бойы жалғасуы мүмкін.