Буындар неге ауырады?
Буын ауырғанда себебін анықтау әрдайым оңай, әрі тез бола бермейді.
Циклдік цитрулинирленген пептидке қарсы антиденелер (ЦЦПА) - ревматологиядағы диагностиканың жаңа заманауи әдісі болып табылады.
ЦЦПА анықтамасы ревматоидты артрит сияқты күрделі ауруды әлдеқайда сенімді түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Буын қабынуының себебін неғұрлым ерте анықтасаңыз, аурудың дамуын тоқтату және мүгедектіктің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Циклдік цитрулинирленген пептидке қарсы антиденелер ревматоидты артритке сипатты белгісі. ЦЦПА аурудың ең ерте сатысында және артриттің клиникалық көріністері басталғаннан 1 жыл бұрын пайда болады (ауыру, ісіну, буындардағы қозғалмауы және т.б.).
Халықтың шамамен 1%-ы ревматоидты артриттен зардап шегеді. Бұл, буындардағы қабынудың буын қызметінің зақымдануына, бұзылуына және жоғалуына әкеп соқтыратын ең кең таралған аутоиммунды ауру. Өкінішке орай, емдеусіз буындар тез өзгеріске ұшырайды және бұған ішкі органдардың зақымдануы келіп қосылады. Мұндай науқастарды емдеумен ревматологтар айналысады, оларға науқастар, әдетте, аурудың асқынған кезеңінде түседі.
Теріс нәтижелі ревматоидты фактор және анықталмаған артриттің себебі жағдайында ЦЦПА-ны анықтау өте маңызды.
Ревматоидты артритті ерте анықтау және шұғыл түрде дұрыс емдеу – буындардың бұзылуының алдын алудың кілті және сондай-ақ, белсенді өмірді ұзартудың кілті.
Сол себепті, егер сіздің буындарыңыз ауырса, көп созбай, дәрігерге қаралыңыз және қажет болса ЦЦПА тексеруінен өтіңіз.