Кері қайту

Сізге аналық без қатерлі ісігінің қаупі төніп тұрған-тұрмағанын білудің қарапайым тәсілі.

Қымбатты ханымдар, сіздердің іштеріңізде жағымсыз сезімдер қаншалықты жиі болады: ұлғаюы, толу сезімі? Барлығы бұны өмірінде бір рет болса да басынан өткізді деп ойлаймын.

Әдетте бұл симптомдар ас қорыту жүйесі тарапынан болатын қандай да бір бұзылыстармен байланысты. Бірақ сіз бұл симптомдардың аналық без қатерлі ісігінің ерте көріністері болуы мүмкін екенін білесіз бе? Бұл аурудың ерте симптомдарының соншалықты спецификалық болмауына немесе олардың мүлдем болмауына байланысты аналық без қатерлі ісіктерінің көбі аурудың соңғы кезеңінде анықталады.

Аналық без қатерлі ісігі дегеніміз не? Бұл әйелдердің репродуктивті жүйесінің онкологиялық ауруларының ішінде өлім бойынша бірінші орынға ие қатерлі ісік.

Жыл сайын әлемде 100 мыңнан аса әйел көз жұмады! Осындай қайғылы статистика негізінен жоғарыда айтылған себеппен - диагностиканы кеш жасаумен байланысты. Статистика бойынша аналық без қатерлі ісігінің барлық жағдайларының 60-80 % соңғы кезеңде анықталады және соңы өліммен аяқталады. Бұл аурудың диагнозын уақтылы қойған жағдайда, яғни бастапқы кезеңде, онда өліммен аяқталатын жағдайлар 10% жетпейді!

Осы ретте заңды сұрақ туындайды: «Онкологияны бастапқы кезеңде қалай анықтауға болады?» Бұның жауабы қарапайым - уақыт өте мамандарға барып тексеруден өтіп тұру.

Заманауи медицина диагноз қоюда алмастырылылуы қиын аспаптық-зертханалық зерттеу әдістерінің кең спектріне ие. Және де кешенді тексеруде зертханалық диагностика маңызды орынға ие. Мысалы, онкологиялық ауруларды анықтау үшін онкомаркерлер деп аталатын заттардың деңгейін анықтау мүмкіндігі бар. Бұл әдетте адам ағзасында қандай да бір онкологиялық үдеріс болған жағдайда қанда деңгейі көтерілетін ақуыздар.

Аналық бездер қатерлі ісігін диагностикалау үшін «ОЛИМП» КДЗ Сізге HE 4 және CA 125 деп аталатын онкомаркерлерді анықтаумен байланысты инновацияны ұсынады.

Бұл заттарды анықтау өздігінен жаңалық емес, бірақ соңғы зерттеулер барысында ғалымдар осы заттардың деңгейі мен аналық без қатерлі ісігінің арасындағы байланысты анықтады.

Зерттеушілер жүргізілген ізденістерге сүйене отырып, ROMA (Risk of Ovarian Malignancy Algorithm) атауын алған алгоритм жетілдірді - бұл пациенттің менопаузалық статусын есепке ала отырып, CA 125 және HE 4 онкомаркерлерінің әртүрлі мәндері арқылы аналық без қатерлі ісігінің бар болуы ықтималдығын есептейтін математикалық модель. Бұл алгоритм аналық без қатерлі ісігін бастапқы кезеңдерде жоғары спецификалылықпен анықтауға мүмкіндік береді.

Сіздің симптомдарыңыз бейспецификалық болса да немесе олар мүлдем болмаған жағдайда, бұл зерттеу қатерлі ісікті аурудың басталған уақытында анықтауға көмектеседі. Осылайша Сіз аурудың жақсы қорытындымен аяқталуының ықтималдығын бірнеше рет арттырасыз!

Қатерлі ісік – өлімнің үкімі емес! Бірақ статистиканың өзгермейтінін ұмытпаңыз: диагноз неғұрлым ерте қойылса, айығудың ықтималдығы да соғұрлым жоғары болады. Заманауи диагностикалық мүмкіндіктерді есепке ала отырып, шамамен барлық ауруларды бастапқы кезеңдерде анықтауға және емдеуге болады.

Бірақ, өкінішке қарай біз жиі өзіміздің ағзамызды елемейміз және кеш болған кезде ғана «дабыл қаға» бастаймыз.

Өзіңіздің денсаулығыңызға абай болыңыз!

Енді Сіздің дәрігеріңіздің аналық бездер қатерлі ісігінің үдерісіне күмәні пайда болса, онда Сіз CA 125 және HE 4 талдауларын «ОЛИМП» КДЗ бүкіл Қазақстан аумағында орналасқан 180-нен астам емшара кабинеттерінің кез келгеніне барып тапсыра аласыз және ROMA алгоритмі бойынша есептеулерді мүлдем тегін ала аласыз.

* Онкологиялық диагнозды қоюда соңғы шешімді дәрігер-онколог қабылдайды.