ХМС әдісімен стероидты гормондар: зертханалық диагностиканың жаңа стандарты
Эндокриндік аурулар заманауи медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді, ал дәл зертханалық диагностика оларды анықтауда және емдеуді бақылауда шешуші рөл атқарады. Гормондарды дәстүрлі анықтау иммунологиялық әдістермен жүргізілді, алайда, соңғы жылдары стероидты гормондарды талдаудың «алтын стандарты» - хромато-масс-спектрометрия (ХМС) клиникалық тәжірибеге белсенді енгізіліп келеді.
Стероидты гормондар дегеніміз не және оларды бақылау неге маңызды?Стероидты гормондар - бұл биологиялық белсенді заттардың үлкен тобы, оған мыналар кіреді:
- глюкокортикоидтар (кортизол, кортизон),
- минералокортикоидтар (альдостерон),
- андрогендер (тестостерон, ДГЭА, андростендион),
- эстрогендер (эстрадиол),
- прогестагендер (прогестерон, 17-ОН-прогестерон),
- олардың ізашарлары мен метаболиттері.
Олар ағзадағы барлық дерлік процестерді - зат алмасу мен репродукциядан күйзеліс-реакцияларға және жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына дейін реттейді. Олардың деңгейіндегі бұзулыстар келесі жағдайларға әкелуі мүмкін:
- Кушинг синдромы/ауруы,
- бүйрек үсті безі қыртысының туа біткен дисфункциясы (БҚТД),
- поликистозды аналық без синдромы (ПКАС),
- бедеулік, етеккір циклінің бұзылуы,
- гормондық-белсенді ісіктер.
Иммунологиялық әдістерге қарағанда, ХМС бірқатар артықшылықтары бар:
- Жоғары дәлдік және өндірілушілік - айқас реакциялар мен жалған оң нәтижелерді азайтады.
- Кешенді тәсіл - бір уақытта бірнеше гормон мен олардың метаболиттерін өлшеуге мүмкіндік береді.
- Халықаралық мойындау - бұл әдіс әлемдегі жетекші клиникаларда қолданылады және күрделі эндокриндік жағдайларды нақтылау үшін ұсынылады.
- Альдостерон
- Кортикостерон
- Кортизол
- Кортизон
- 11-дезоксикортизол
- 21-дезоксикортизол
- 11-дезоксикортикостерон
- Андростендион
- Дегидроэпиандростерон (ДГЭА)
- Дегидроэпиандростерон-сульфат (ДГЭА-SO4)
- Эстрадиол
- Прогестерон
- 17-ОН прогестерон
- Тестостерон
- Дигидротестостерон (DHT)
- Кешенді панель (15 көрсеткіш)
Стероидты гормондарды ХМС әдісімен анықтау келесі жағдайларда ұсынылады:
- бедеулікпен және циклі бұзылған әйелдерді қарап-тексеру,
- балалар мен ересектерде БҚТД-на күдік,
- гиперандрогенияны саралап диагностикалау,
- гормондарды алмастыратын және андрогенге қарсы терапияны бақылау,
- бүйрек үсті безі мен гонад ісіктері бар емделушілерді мониторингтеу.
- Материал: көктамыр қаны (сарысу).
- Дайындық: аш қарынға, 24 сағат бұрын гормондық препараттарды қабылдамау (дәрігермен келісім бойынша).
- Орындау мерзімі: 7 жұмыс күніне дейін.
Стероидты гормондарды зерттеу үшін ХМС әдісін енгізу эндокринологиялық тәжірибеде жаңа мүмкіндіктер ашады. Ол барынша дәлдікті қамтамасыз етеді, сирек кездесетін патологияларды анықтауға және емделушілерді емдеуді оңтайландыруға көмектеседі.
«ОЛИМП КДЗ» желісі ХМС әдісімен осындай кең ауқымды зерттеулерді Қазақстанда алғашқы болып енгізіп жатыр, бұл дәрігерлер мен емделушілерге гормондық жай-күй туралы ең сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Маңызды: Бұл мақала ақпараттық сипатқа ие және дәрігердің кеңесін алмастырмайды. Нәтижелерді түсіндіру және емдеуді тағайындау үшін маманға жүгіну керек.