Кері қайту

Synlab және Limbach неміс зертханалары базасындағы тестілер

2014-2015 жылдары «ОЛИМП» КДЗ Германияның  «Synlab» және «Limbach» ең ірі зертханаларымен келісімшартқа отырды. Бұл оқиғаның Қазақстан тұрғындары үшін маңызы зор, себебі жоғары неміс технологияларына қолжетімділік ҚР шекарасынан тыс жерге шығуды талап етпейді: «ОЛИМП» КДЗ 180 емшара кабинеттерінің кез келгеніне қан тапсыру жеткілікті!

Біздің аймақ үшін бірегей болып табылатын зерттеулерге ашық қолжетімділік қайталанатын (жиі кездесетін) аурулармен қатар, сирек кездесетін ауруларға да жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Limbach (Laborlimbach Heidelberg) – Германияның ең ірі зертханасы болып саналады. Зертхана өзінің жұмысын алыс 1979 жылы радиоиммунды талдау негізінде гормондарды анықтаудан бастап, жетекші еуропа мамандарының тобын жинауда табысқа жетті.

Нәтижесінде бүгінгі күні зертханалық кешен 6000 м2 жуық жалпы ауданы бар алты қабатты ғимаратта жұмыс атқарады. Талдаулар спектрі шынында да ауқымды: тропикалық инфекциялық аурулар қоздырғыштарына қарсы антиденелер, жақында ашылған ферменттерден бастап әртүрлі өнеркәсіп салалары жұмыскерлерінің созылмалы улануын тудыра алатын сирек микроэлементтерге дейін.

Synlab – 15 жылдық мерзімде 23 елде өзінің өкілдігін аша алған, серпінді дамып келе жатқан зертхана. Synlab орындайтын зерттеулер саны жылына 300 млн. тестіден асады. Зертхананың табысқа жетуі тек қана талдаулардың сапасы мен сенімділігінің арқасында ғана емес, сонымен қатар өз ретінде қызметтер бағасын қолайлы деңгейде ұстап тұруды талап ететін, негізінде пациенттерге деген мейірімділік пен жаны ашу философиясы жатқан компания саясатының арқасында. Компанияның ұраны: «Бізге сенім білдіреді!» Енді Synlab-тың серіктес-елдер қатарына Қазақстан атынан «ОЛИМП» КДЗ да қосылды.

«Synlab» және «Limbach» базасында орындалатын зерттеулердің прайс-парағын жүктеу

«ОЛИМП» КДЗ – халықаралық санитарлық талаптарды сақтауға қажет шарттарға ие болғандықтан биоматериалды шетелге тасымалдау рұқсатын алған Қазақстандағы жалғыз зертхана. Сертификаттар мен лицензиялармен мына жерде толығырақ танысуға болады

ҚР шегінен тыс шықпай, талдауларды Германияда қалай тапсыруға болады?

 «ОЛИМП» КДЗ емшара кабинетінде қан талдауын тапсыру

Зерттеудің құнын төлеу

Нәтижелерін «ОЛИМП» КДЗ-да алу

 

 

Жаңа қолжетімді талдаулардың негізгі тобы:

  • Биохимия (заттар алмасуының бұзылыстары)

  • Иммунология (иммундық жүйенің аурулары)

  • Гормондар (эндокринологиялық бұзылыстар)

  • Онкомаркерлер (ісік ауруы болу қаупін анықтау)

  • Коагулогия (қанның ұйыту қасиеттерін зерттеу)

  • Инфектология (инфекциялық аурулар диагностикасы)

  • Дәрілік мониторинг және токсикология

  • Аутоиммунды аурулар диагностикасы

Біздің пациенттердің артықшылықтары:

  • Шетелге шығу қажеттілігінсіз Германияда тексеруден өту мүмкіндігі

  • Қисынды баға бойынша диагностиканың неміс сапасына кепілдік беру

  • ҚР бұрын қолжетімсіз болған 600-ден аса зерттеу

  • Нәтижелерді беру мерзімі 14 күннен бастап

  • Пациент туралы медициналық ақпаратты толық өңдеу және Германияға жіберу

  • Тілдік кедергі проблемасына жол бермеу

  • Медициналық ақпараттың құпиялылығы

  • Нәтижелердің кәсіби аудармасы

  • Пациенттің диагностикалық тарихын 5 жыл бойы сақтау

Назар аударыңыз! Талдау тапсыру кезінде емдеуші дәрігердің жолдамасы қажет!

Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс орталығына хабарласыңыз: 59-79-59; 259-79-59 

(Алматы қ. бойынша)