Кері қайту

Сіз бүйрегіңіздің денсаулығына сенімдісіз бе?

Медициналық тілде айтатын болсақ: «бүйрек бұл негізгі мақсаты - қанды тазалау мен ағзадан зат алмасу өнімдерін шығаратын қос мүше». Басқаша айтқанда, бүйрек біздің ағзамыздың сүзгісі, қан одан өткен кезде тазарады және несеп құралады. Онымен ағзадан адам тіршілік әрекетінің несепнәр, креатинин, кетон денелері, амин қышқылдары, сонымен қатар глюкоза және кішкене ақуыз сияқты өнімдері шығады.

Бұл аталған заттардың бәрі ағзаның тіршілік әрекетінде нақты рөл атқарады, бірақ біз бүгін несептегі ақуыз туралы айтамыз - оның қалай онда болатыны және бұның не жөнінде айтуы мүмкін екені туралы.

Мектептегі биология курсынан қалған мына анықтама есіңізде шығар: «Өмір - бұл ақуыз денелерінің тіршілік ету формасы». Біз бұл анықтаманың дұрыстығы туралы айтпаймыз, тек қана ақуыздар барлық тірі ағзаларға қажет компонент екенін және жасушалар тіршілігінде маңызды рөл атқаратынын мойындаймыз, мысалы, олар сүйектер мен бұлшықеттердің «құрылысына» қатысады, инфекциядан қорғайды, қан тамырлары арнасындағы сұйықтық мөлшерін анықтайды және тағы да басқа көптеген қызмет атқарады. Қанда бұл тізімге кіреді және оның сұйық бөлігінің (плазма) құрамына ақуыздар кіреді. Қанның бүйрек арқылы өтуі кезінде сұйықтықтың артық мөлшері және ағза өмір тіршілігінің өнімдері жойылады, ал басқа маңызды құнарлы заттар мен ақуыздар қанда қалады. Егер де бүйректің жұмысында қандай да бір бұзылыстар болса және олардың сүзгілеу қабілеті бұзылса, онда несепке қалыптан тыс ақуыз көп түседі - бұл құбылыс протеинурия деп аталады.

Протеинурия бүйрек ауруының ерте белгілерінің бірі болуы мүмкін.

Сіз бүйрегіңізде проблемалар бар екенін қайдан білесіз? Бүйрек жұмысы бұзылуының айқын белгілерінің бірі - көбінесе дененің жоғары бөлігінде орналасқан, көздің айналасындағы қабақтардағы ісіктер. Алайда бүйректің ісіктері бірден пайда болмайды, тек қана ашық көрінетін бұзылыстар кезінде ғана және басында бүйрек ауруы созылмалы түрде симптомсыз өтуі мүмкін. Сіз тіпті өзіңізде бүйрек патологиясы бар екенін проблема оны байқамауға болмайтындай әбден айқын болғанша білмеуіңіз мүмкін. Бүйрек ауруын ерте кезеңде диагностикалаудың ең жеңіл тәсілі - зертханалық диагностика. Жай ғана несептегі ақуызды анықтаудың өзі көптеген бүйрек ауруларын симптомдар әлі жоқ кезде, бірақ бұзылыстар бар кезеңде анықтауға көмектеседі.

Бұл талдаудың жүкті әйелдер үшін ерекше маңызды екенін атап кету керек, өйткені жүктілік кезінде несеп-жыныс жүйесіне түсетін жүктеме екі есе көбейеді, сондықтан бүйректер өте әлсіз бола бастайды. Ақуыздың жоғары мөлшерде болуы — осы кезеңдегі жиі құбылыс, ол бүйрекке артық күш түскенінің белгісі және ең бастысы бұл преэклампсияның алғашқы симптомы болуы мүмкін. Преэклампсия – симптомдардың үштігімен сипатталатын, әйелдерде жүктіліктің кезінде кеш болатын токсикоз: жоғары артериялық қан қысымы, протеинурия, ісіктер. Ол соңында эклампсия дамуы ықтималдығымен қауіпті - өлім қауіп-қатерін тудыратын құбылыс, оның кезінде артериялық қан қысымының деңгейі аса жоғары көтеріліп, ана мен баланың өміріне қауіп пайда болады. Несептегі ақуыз бұл асқынудың ерте белгісі болуы мүмкін және бұл қауіпті болдырмау үшін қажет шараларды орындауға және оны анықтауға көмектеседі.

Сонымен, несептегі ақуыз - бұл бүйрек ауруларының уақтылы диагностикасы үшін қолданылатын, бүйректің зақымдалуының клиникалық-зертханалық белгісі. Басқа кез келген ауру сияқты оны да неғұрлым ерте диагностикалаған жағдайда, оның емделуі де соғұрлым нәтижелі болады. Несептегі ақуыз оның жалпы талдауында да көрінеді, алайда аталған жағдайда жалпы талдау соншалықты нәтижелі болмайды және несептегі ақуыздың сандық анықтамасы бойынша биохимиялық зерттеу орындаған дұрысырақ болады.

Сіз бүйрегіңіздің саулығын «ОЛИМП» КДЗ желісінің Қазақстан аумағында орналасқан 180-нен астам емшара кабинетінің кез келгеніне талдау тапсырып, несептегі ақуыздың сандық анықтамасы бойынша биохимиялық зерттеу өту арқылы тексере аласыз.