0-ден 18 жасқа дейінгі балалар үшін COVID-19-ға ПТР-талдау құны 3250 теңге
24.03.2022 жылдағы ЖАҢАРТУ - https://www.kdlolymp.kz/news/snizhenie-cen-na-vse-analizy-covid-19
Құрметті емделушілер, 2021 жылғы 9 қазаннан бастап балалар үшін (0-ден 18 жасқа дейін) ПЦР-талдаудың 3250 теңге (6500 орнына)құрайтын жаңа бағасы ағымда. Биоматериал алу - 700 теңге.
Бұл қызметке дисконттық карталар мен әлеуметтік жеңілдіктер бойынша жеңілдіктер қолданылмайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 1 қазаннан бастап коронавирусқа ПТР-талдау мен антиген-сынағына алдын ала жазылусыз, тікелей кезек тәртібімен кез келген емшара кабинетінде тапсыруға болады.
- Емшара кабинетіне бетперде киіп, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізбен келіңіз. Кезекке тұрып, 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.
- Емшара кабинетінде тіркеуден өтіңіз, төлем тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен (картамен) жүргізіледі.
- Сізге ПТР әдісімен талдау жүргізу үшін биоматериал алады.
- Талдау нәтижелерін сауалнамада көрсетілген электрондық поштаға немесе түбіртектегі көрсетілген логин мен құпия сөз арқылы чектегі логин мен пароль бойынша. kdlolymp.kz сайтынан алуға болады.
Емшара кабинеттерінің талдауларын қабылдаудың өзекті кестесін - Қайда тапсыру керек? бөлімінен қараңыз
Егер сіз үйде ПТР немесе антиген сынағын өткізгіңіз келсе, "Үйге бару"қызметіне тапсырыс беру сілтемесіне өтіңіз.