Кері қайту
31 қаңтар 2023

Ақпан айының акциясы! “Кардиориск” профилі

Айдың акциясы - 1 және 28 ақпан аралығында “Кардиориск” профилі.

Профиль жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін, сонымен қатар бұрыннан бар патологиялардың ауырлығын көрсетеді.

“Кардиориск СТАНДАРТТЫ” профилі келесі талдаулардан тұрады:

Триглицеридтер – атеросклероздың дамуына қатысатын майлар

Жалпы холестерин

Холестерин ТТЛП – холестериннің атеросклеротикалық түйіншектер құрайтын түрі.

Холестерин ЖТЛП – холестериннің антиатерогендік қасиеттері бар түрі.

Глюкоза – глюкозаның қанда мөлшерден тыс болуы қант диабетінің бар екендігін көрсетуі мүмкін.

Атерогендік индексі – атеросклероз дамуы қаупінің дәрежесі.

Жеке тапсырғандағы бағасы: 5 800 тг

Акция бойынша бағасы: 4 060 тг

 

“Кардиориск ТОЛЫҚ” профилі “Стандартты” профильге кіретін барлық талдаулардан және төменде көрсетілген талдаулардан тұрады:

А1 аполипопротеині - атеросклероз дамуының алдын алуға қажет зат.

В аполипопротеині - холестериннің ағзада жиналуына септігін тигізетін зат.

С-реактивті ақуыз Кардио - атеросклероздың ауырлығын көрсетеді.

 

Жеке тапсырғандағы бағасы: 12 840 тг

Акция бойынша бағасы: 9 000 тг

 

“Кардиориск КЕҢЕЙТІЛГЕН” профилі “Толық” профиліне кіретін барлық талдаулардан және төмендегі талдаудан тұрады:

Pro-BNP - жүректің ишемиялық ауруының ерте кезеңінде қанда деңгейі көтерілетін бірегей ақуыз.

Жеке тапсырғандағы бағасы: 23 020 тг

Акция бойынша бағасы: 16 740 тг

 

Акция Қазақстан бойынша ОЛИМП КДЗ барлық филиалдарында жүреді.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз