Кері қайту
9 сәуiр 2016

Акция! Семей қаласының жаңа емдеу бөлмесінде (Қабанбай батыр, 89) қанның жалпы талдауы тегін!

Құрметті пациенттер! «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі Семей қаласында акция бастайды.

Тек 11 сәуірден 30 сәуірге дейін Сіз «ОЛИМП» КДЗ 72 квартал, Қабанбай Батыр көшесі, 89 мекен-жайы бойынша орналасқан емдеу бөлмесінде кез келген қанды зерттеуге тапсырыс беру кезінде қанның жалпы талдауын ТЕГІН аласыз.

Қанның жалпы талдауы – адамның жай-күйін бағалауға, жіті қабыну реакцияларының, анемияның, аллергияның және басқа да көптеген патологиялардың болуын көруге мүмкіндік беретін кең таралған зерттеу.

«ОЛИМП» КДЗ - Қазақстандағы жеке меншік зертханалардың ең ірі желісі. Компания әрбір Қазақстандықтың заманауи және уақытылы зертханалық диагностика қызметтерінің қолжетімді болуына ұмтылады. Міне сондықтан «ОЛИМП» КДЗ желісінде халықтың түрлі санаттарына жеңілдіктер мен біздің барлық пациенттерге жеңілдіктер беретін жеңілдіктер жүйесі жұмыс істейді. Бірақ қолжетімділік бағытындағы жұмыс осымен тоқтамайды, өйткені зертхана үнемі түрлі акциялар өткізіп тұрады және де ең өзекті және қажетті зерттеулерге жеңілдіктер ұсынады.

Акцияға қатысатын «ОЛИМП» КДЗ емдеу бөлмесінің мекен-жайы: Семей қаласы, 72-квартал, Қабанбай батыр көшесі, 89.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз