Кері қайту
3 наурыз 2023

Ротавирус антигеніне талдау Қазақстан бойынша 8 қалада бар. Асқазан-ішек жолы зақымдалуын диагностикалау.

ОЛИМП КДЗ желісінің құрметті пациенттері, «Нәжістегі ротавирус антигенін ИФТ әдісімен анықтау» талдауы енді Қазақстанның 8 қаласында бар екенін қуана хабарлаймыз:

Астана

Алматы

Қарағанды

Павлодар

Талдықорған

Түркістан

Өскемен

Шымкент

Ротавирус бұл ас қорыту жолының қатты сусыздануы мен су-электролит тепе-теңдігінің бұзылуына әкелетін вирустық инфекция.

Бұл ағзаның өсуіне, жалпы дамуына қажет әртүрлі құнарлы заттар мен микроэлементтердің сіңірілуіне кедергі келтіреді.

Көбіне 1 жасқа жетпеген балалар ауырады.

Ротавирустық инфекцияның негізгі симптомдары:

  • Іштің жанға бататындай ауыруы
  • Құсу
  • Диарея
  • Температураның 38С және 38,5С дейін көтерілуі

«Нәжістегі ротавирус антигенін ИФТ әдісімен анықтау» бойынша талдау ротавирусты диагностикалауға арналған ең дәл талдау болып саналады. 

Себебі ротавирустың көзі оны жұқтырған пациенттің нәжісі (яғни ротавирустың бөлшектері нәжісте болады).

Биоматериал: нәжіс

Орындалу мерзімі: 2-4 күн

Аталған талдауды қашан тапсыру қажет?

  1. Асқазан-ішек жолы ауруларына сезіктенгенде.
  2. Ротавирустан емделу курсын аяқтаған соң пациент аталған вирустық инфекциядан жазылып-жазылмағанын білу үшін.
  3. Вирус тасымалдаушылыққа сезіктенгенде. Егер де пациентте вирустық инфекцияның симптомдары қайта-қайта пайда болып, кетіп қалып отырса.
  4. Иммундық тапшылық күйінде.

Толығырақ:

Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT

ОЛИМП КДЗ ресми Telegram-каналы

Біздің TikTok-тағы аккаунтымызға жазылыңыздар

Біздің Instagram-дағы аккаунтымызға жазылыңыздар

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз