Кері қайту
23 сәуiр 2020

Көкшетау және Қарағанды қалаларында коронавируска тегін экспресс-тестілеу

Құрметті емделушілер, біз Көкшетау және Қарағанды қалаларында коронавируска тегін экспресс-тестілеуді бастағанымызды қуана хабарлаймыз.

  • Алгоритммен мұқият танысуыңызды сұраймыз:
  • ️тестілеуден өту үшін емделушіге сайтта сауалнама толтыру қажет cdl.kz
  • Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдар тобының эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді жүргізеді;
  • ️бұдан әрі бекітілген тізімдер ОЛИМП КДЗ-ға түседі;
  • ️бекітілген тізімдегі емделушілмен Байланыс-орталығының операторы байланысады және алу пунктінің мекенжайы, қашан келу қажеттігі, келушілерге қойылатын талаптар және талдауларды тапсыру кезіндегі мінез-құлық қағидалары туралы хабарлайды;
  • ️оператор көрсеткен емдеу бөлмесіне кешіктірмей өзімен бірге жеке куәлікпен бетперде киіп келу қажет;
  • ️кезекте емделушілерарасындағы арақашықтықты 1,5-2 метр сақтау қажет;
  • ️емдеу бөлмесінде тіркеуден, содан кейін коронавируска экспресс-тестілеуден өтуге;
  • ️талдау нәтижесі сауалнаманы тіркеу кезінде көрсетілген поштаға келеді;

️Маңызды! емделушілге температураны контактісіз өлшеу жүргізіледі, жоғары көрсеткіштер жағдайында талдау жүргізілмейді.

️Маңызды! Емдеу бөлмесіне оператордың қоңырауынсыз өз бетінше келуге болмайды

️Маңызды! Экспресс-тестілеу арнайы бөлінген емдеу бөлмелерінде өткізіледі, басқа талдау жүргізілмейді.

Аталған шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылды.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз