Кері қайту
14 сәуiр 2020

Нұр- Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируска тегін экспресс-тестілеу

Құрметті емделушілер, біз 13 сәуірден бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавируска тегін экспресс-тестілеуді бастаймыз:

  • ️тестілеуден өту үшін емделушіге сайтта сауалнама толтыру қажет cdl.kz
  • Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдар тобының эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді жүргізеді;
  • ️бұдан әрі бекітілген тізімдер ОЛИМП КДЗ-ға түседі;
  • ️бекітілген тізімдегі емделушімен Байланыс-орталығының операторы байланысады және алу пунктінің мекенжайы, қашан келу қажеттігі, келушілерге қойылатын талаптар және талдауларды тапсыру кезіндегі мінез-құлық қағидалары туралы хабарлайды;
  • ️оператор көрсеткен емдеу бөлмесіне кешіктірмей өзімен бірге жеке куәлікпен бетперде киіп келу қажет;
  • ️кезекте емделушілер арасындағы арақашықтықты 1,5-2 метр сақтау қажет;
  • ️емдеу бөлмесінде тіркеуден, содан кейін коронавируска экспресс-тестілеуден өтуге;
  • ️талдау нәтижесі сауалнаманы тіркеу кезінде көрсетілген поштаға келеді;

Маңызды! Емделушілерге температураны контактісіз өлшеу жүргізіледі, жоғары көрсеткіштер жағдайында талдау жүргізілмейді.

️Маңызды! Емдец бөлмесіне оператордың қоңырауынсыз өз бетінше келуге болмайды

️Маңызды! Экспресс-тестілеу арнайы бөлінген емдец бөлмесінде өткізіледі, басқа талдау жүргізілмейді.⠀

Аталған шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылды.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз