Кері қайту
30 мамыр 2018

Астана қ. урологтар мен андрологтар қоғамының I Халықаралық конгресі.

2018 жылғы 24-25 мамырда Астана қаласында урологтар мен андрологтар қоғамының I Халықаралық конгресі өтті.

Іс-шарада келесі тақырыптар талқыланды:

  • Зәр шығару жолдарының инфекцияларын диагностикалау мен емдеудегі жаңа трендтер
  • Қуық асты безінің қатерсіз обструкциясынан туындаған төменгі зәр шығару жолдарының симптомдарының заманауи терапиясы
  • Интерстициальды цистит
  • Несеп-таз ауруы
  • Некедегі бедеулік кезіндегі пәнаралық тәсіл⠀⠀⠀⠀⠀⠀ 

«ОЛИМП КДЗ» іс-шараның серіктестерінің бірі ретінде ерлер бедеулігін диагностикалау және шәуетграмма мен MAR-TEST, қуық асты безінің қатерлі ісігі маркерлері, жыныстық гормондар талдауларын біздің емшара бөлмелерімізде тапсыру мүмкіндігі туралы ақпарат берді.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз