«ОЛИМП» КДЗ Қазақстандағы ISO 15189:2012 стандарты бойынша аккредитация алған алғашқы клиникалық зертхана
Қазақстан Республикасындағы медициналық зертханалар арасында бірінші және жалғыз болып табылатын «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Астана филиалының «ОЛИМП» клиникалық зертханасы Словакия Ұлттық аккредиттеу қызметінің - ILAC халықаралық аккредиттелген зертханалар қауымдастығының беделді еуропалық мүшесі сараптамалық бағалаудан өткенін және ISO 15189:2012 стандарты бойынша аккредиттеу туралы куәлік алғанын мақтанышпен хабарлаймыз. «ОЛИМП» клиникалық зертханасы халықаралық деңгейде зерттеу нәтижелерінің жоғары сапасы мен сенімділігінің арқасында танылды.
ISO 15189:2012 келесі талаптарды қанағаттандыру үшін аккредиттелген зертханаларда қолданылады:
- қызметкерлердің техникалық құзыреттілігі;
- зертханалық зерттеулердің негізділігі мен қолайлылығы:
- зертханалық жабдықтың жұмысқа жарамдылығы, калибрленуі және қызмет көрсетуі;
- зерттелетін үлгілерді іріктеу, өңдеу және тасымалдау.
Аккредитациядан өту «ОЛИМП» КДЗ командасының еңбекті қажет ететін жұмысының нәтижесі болып табылады, соның арқасында халықаралық стандарттарға сәйкес зерттеу сапасы мен тұтынушыларға қызмет көрсету саласындағы негізгі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.
Біз Сіз үшін жұмыс істейміз! Сенім үшін рахмет! Сау болыңыз!
Аккредиттелген зертханалардың тізімін мына жерден көре аласыз.
Аккредиттеу туралы куәлікке сілтеме