Кері қайту
18 мамыр 2016

«ОЛИМП» КДЗ «Адам және дәрі-дәрмек - Қазақстан» IX халықаралық конгресіне қатысты

«ОЛИМП» КДЗ Шығыс Қазақстан облысында өткен «Адам және дәрі-дәрмек - Қазақстан» IX Халықаралық конгресіне қатысты. Аталған халықаралық ғылыми форумның мақсаты - диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін күнделікті дәрігерлік практикаға енгізу, сондай-ақ терапевтік профильдегі дәрігерлер арасында білім алмасу.

Қазақстандық және шетелдік баяндамашылар кардиологиядағы, антибиотикотерапиядағы, пульмонологиядағы, гастроэнтерологиядағы, неврологиядағы, педиатриядағы және эндокринологиядағы дәлелді медицина негізінде, әсіресе күрделі ауруларды кешенді емдеу кезінде дәрілік заттарды қолдану туралы өз тәжірибелері мен білімдерімен бөліседі.

«ОЛИМП» КДЗ қызметкерлері біздің зертханада жүргізілетін зерттеулерге қызығушылық танытқандардың барлығына кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ медицинаның түрлі салаларының жетекші мамандарымен кездесулер мен әңгімелесулер өткізді.

Біздің жаңалықтарымызды бақылап, Республика өміріндегі соңғы медициналық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз