10 қараша 2014
«ОЛИМП» КДЗ Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының VI халықаралық конгресіне қатысты
«ОЛИМП» КДЗ 2014 жылғы 7-8 қарашада Алматы қаласында өткен Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының VI халықаралық конгресіне қатысты.
Конгресс аясында келесі бағыттар бойынша маманданған жетекші компаниялардың қатысуымен көрме жұмыс істеді:
- Зертханалық диагностика
- Медициналық жабдықтар
- Репродуктивті медицинада, гинекологияда, урологияда және андрологияда, адам эмбриологиясында және медициналық генетикада қолданылатын дәрілік препараттар
«ОЛИМП» КДЗ мамандары отандық медицина шеңберінде қолжетімді репродуктология саласындағы зерттеулерді ұсынды: гормоналды мәртебені анықтау; Real-time режимінде ПТР және ИФТ-әдіс көмегімен жыныстық инфекцияларды диагностикалау; TORCH-инфекцияларын диагностикалау, сондай-ақ жекелеген нақты талдаулар:
- Антимюллер гормоны
- Гомоцистеин
- Қызыл жегі антикоагулянты
- Бета-АХГ антиденелері
- Антиспермальды антиденелер
- Антифосфолипидті скрининг
Сондай-ақ, «ОЛИМП» КДЗ стендінде тегін лотерея ойнауға және 5,10 немесе 15% мөлшерінде дисконттық картасын ұтып алуға болады.
Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз