«ОЛИМП КДЗ» ЖШС Оңтүстік Қазақстан филиалының клиникалық-диагностикалық зертханасы ҚР СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкестігіне аккредиттелген
Құрметті Шымкент қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.
«Аккредиттеу жөніндегі ұлттық орталықтың» аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2017 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен «ОЛИМП КДЗ» ЖШС Оңтүстік Қазақстан филиалының клиникалық-диагностикалық зертханасы ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар.
Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкестігіне аккредитацияланған. ҚР СТ ISO 15189-2015 стандарты бойынша аккредиттеу - зертханаларға жұмыстың барлық кезеңдерінде талдау сапасын толық бақылауға және оны мақсатты түрде жақсартуға мүмкіндік беретін бірқатар техникалық және басқару талаптарын қояды.
Аккредиттеуден өту «ОЛИМП КДЗ» командасының еңбекті қажетсінетін жұмысының нәтижесі болып табылады, соның арқасында халықаралық деңгейдегі стандарттарға сәйкес пациенттерді зерттеу және оларға қызмет көрсету сапасы саласындағы негізгі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.