«Дәрілік аллергия, МСАК мекемелеріндегі бастапқы және қайталама профилактика алгоритмдері» шеберлік класы
2018 жылғы 5 маусымда Алматы қаласында «Дәрілік аллергия, МСАК мекемелеріндегі бастапқы және қайталама профилактика алгоритмдері» шеберлік класы өтті.
ОЛИМП КДЗ осы іс-шараға белсенді қатысып, дәрілік аллергияны диагностикалаудағы заманауи тәсілдер мәселелерін атап өтті. Бүгінгі күні дәрілік аллергияны диагностикалау үшін жалған оң немесе жалған теріс нәтиже бере алатын тері немесе арандатушылық сынақтар қолданылады. Дәрілік аллергияны анықтау үшін науқастардың дәрілік препараттарымен базофилді белсендіру сынағы (CAST) тағайындалады.
С.М. Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының клиникалық биохимия және зертханалық диагностика кафедрасының оқытушысы, (РФ, Санкт-Петербург қ.) дәріскер Ю. В. Никитин «Дәрілік аллергияның заманауи зертханалық диагностикасы. Жасуша деңгейіндегі анықтама» тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйледі.