Коронавирустық ПТР талдауларына қазір жеңілдіктер қолжетімді
Құрметті емделушілер!
2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ПТР-қызметтеріне келесі жеңілдіктер қолжетімді:
- 5, 10, 15%-дық дисконттық карталар бойынша жеңілдіктер;
- Зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар (4 баладан бастап), «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларын иеленуші аналар үшін қосымша5% әлеуметтік жеңілдіктер;
- Биоматериалдарды алу пункттерін ашу құрметіне қосымша 10% жеңілдік;
- Қосымша 10% ауылдық жеңілдік.
ПТР қызметтерінің бағасы (жеңілдікті есепке алмағанда):
- Биоматериалды алу – 700 ₸
- Талдауды өздігінен жинауға арналған жинақ – 700 ₸
- (COVID19) Коронавирусқа арналған ПТР талдауы – 6 500 ₸
- ПТР + жиынтық антиденелер (COVID19) – 8 400 ₸
- Коронавирусқа ПТР талдауы жеделдетілген (COVID19) – 15 000 ₸
- Коронавирусқа ПТР талдауы кешкі жеделдетілген (COVID19) – 19 500 ₸
Бұл жеңілдіктер балаларға арналған коронавирусқа арналған ПТР-талдау қызметіне қолданылмайды (0-ден 18 жасқа дейін).
Естеріңізге сала кетейік, коронавирусқа ПТР-талдауды алдын ала жазылусыз, тікелей кезек тәртібімен бүкіл Қазақстан бойынша ОЛИМП КДЗ-ның кез келген емшара кабинетінде тапсыруға болады.
Талдау нәтижелерін сауалнамада көрсетілген электрондық поштаға немесе түбіртектегі көрсетілген логин мен құпия сөз арқылы чектегі логин мен пароль бойынша. kdlolymp.kz сайтынан алуға болады.
Коронавирусқа (COVID-19) ПТР нәтижелері үш тілде шығарылады: қазақ, орыс, ағылшын.
Нәтижелеріңізді «COVID-19сыз саяхат» қолданбасынан да тексеруге болады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтары шекарадан өткен кезде ұялы телефонынан QR-код арқылы ПТР-тест нәтижелерін беруге мүмкіндігі бар.
Емшара кабинеттерінің талдауларын қабылдаудың өзекті кестесін - Қайда тапсыру керек? бөлімінен қараңыз
Егер сіз үйде ПТР немесе антиген сынағын өткізгіңіз келсе, "Үйге бару"қызметіне тапсырыс беру сілтемесіне өтіңіз.