Кері қайту
17 мамыр 2024

Жаңалық! «Гаптоглобин» талдауы

Гаптоглобин ағзаның саулығын қолдауда маңызды рөл атқарады және әртүрлі патологиялық процестерді көрсете алады. Бұл ақуыз көптеген ауруларды диагностикалау және бақылау үшін құнды маркер болып табылады. 

Қолдану аясы:

  • Гемолизді диагностикалау және мониторингтеу (эритроциттердің жойылуы);
  • Қабыну ауруларын бағалау (ревматоидты артрит, қызылжегі);
  • Анемияны сараланған диагностикалау (гемолитикалық анемия, темір тапшылығы анемиясы);
  • Бауыр ауруларының ауырлығын бағалау және болжау (цирроз, гепатит);
  • Әртүрлі аурулар кезінде емдеу тиімділігін мониторингтеу.

Гаптоглобинді өлшеу артықшылықтары:

  • Дәрігерлерге ауруларды тез және дәл анықтауға көмектеседі;
  • Аурулардың ауырлығы мен белсенділігіне баға беруге мүмкіндік береді;
  • Емдеу туралы негізделген шешімдер қабылдауды қолдайды;
  • Емдеу тиімділігін бақылау үшін құнды ақпарат береді;
  • Емделушінің денсаулық жағдайының анағұрлым толық көрінісін қамтамасыз ететін басқа зертханалық зерттеулерді толықтырады.

 

Құны: 4000 тг.

Орындау мерзімі: 10-14 күн

 

Талдау ОЛИМП КДЗ Қазақстан бойынша барлық емдеу бөлмелерінде қолжетімді

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз