Кері қайту
17 мамыр 2016

Жаңа! «Спорттық» диагностикалық профилі

Құрметті пациенттер, Сізге біздің жаңа диагностикалық профилімізді ұсынамыз: «Спорттық».

Спортта жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпқойлар да, әуесқойлар да жақсы физикалық формада болуы керек. Жаттығулардың Сізге пайдалы болатынына немесе зиян тигізетініне байланысты көптеген факторлар мен себептер бар. Олардың ішінде: жаттығулардың техникасы, жиілігі мен қарқындылығы, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы физикалық жағдайыңыз. Жаттықтырушы Сізге жаттығулармен байланысты нәрселерді түсінуге көмектеседі, бірақ физикалық кондицияларды түсінуге жүйелі түрдегі тексерулер көмектеседі. Кез келген медициналық тексерудің ажырамас бөлігі зертханалық диагностика болып табылады.

Спортшының ағзасының функционалдық жағдайын кешенді бағалау үшін «Спорттық» арнайы диагностикалық профилі әзірленді, ол келесі зерттеулерді қамтиды:

  • Лейкоцитарлық формуласы бар қанның клиникалық талдауы* (ҚЖТ)
  • Аланинаминотрансфераза (АЛТ)
  • Аспартатаминотрансфераза (АСТ)
  • Лактат
  • Жалпы ақуыз
  • Билирубин тікелей
  • Билирубин жалпы
  • Несепнәр
  • Креатинин
  • Глюкоза (қандағы қант)
  • Холестериннің жалпы көрсеткіші
  • Na/K/Са иондалған*
  • Тестостерон
  • Инсулин

Жоғарыда санамаланған зерттеулер тірек-қимыл аппараты, жүрек-қан тамырлары, жүйке және эндокриндік жүйелер, бауыр және бүйрек сияқты органдар мен жүйелердің жай-күйіне кешенді бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Осы зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып, Сіз барынша тиімді жаттығулар жасай аласыз.

Бұдан былай Сіз «Спорттық» профилін тапсыру үшін бүкіл Қазақстан аумағындағы «ОЛИМП» КДЗ 180 емдеу бөлмелерінің кез келгеніне жүгіне аласыз.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз