Жаңалықтар тізіміне
23 маусым 2026

Жаңалық! Жатыр мойны обырына иммуногистохимиялық скрининг (p16INK4a + Ki-67)

КДЛ Олимп морфологиялық диагностиканың мүмкіндіктерін кеңейтеді және жаңа зерттеуді - p16INK4a және Ki-67 маркерлерін анықтай отырып жүргізілетін жатыр мойны обырына иммуногистохимиялық скринингті ұсынады.

Зерттеу жатыр мойны эпителийіндегі адам папилломавирусымен (АПВ) байланысты обырға дейінгі өзгерістерді анықтау және нақтылау үшін қолданылады. p16INK4a және Ki-67 экспрессиясын кешенді бағалау жатыр мойнының интраэпителиальды неоплазияларын (CIN) диагностикалаудың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді және дәрігерге пациентті әрі қарай жүргізу тактикасын анықтауға көмектеседі.

Зерттеу қашан тағайындалады ?

  • Жатыр мойны дисплазиясына күдік болғанда;
  • Онкогендік қаупі жоғары АПВ анықталған кезде;
  • Гистологиялық зерттеу нәтижелері бірмәнді болмаған жағдайда;
  • Жоғары дәрежелі жатыр мойны интраэпителиальды неоплазиясын растау үшін;
  • Клиникалық, кольпоскопиялық және морфологиялық деректер арасында сәйкессіздік болғанда.

Зерттеудің диагностикалық маңызы

  • p16INK4a - жатыр мойны эпителийі жасушаларының АПВ-мен байланысты трансформациясының маркері.
  • Ki-67 -  жасушалардың пролиферативтік белсенділігін көрсететін маркер және патологиялық үдерістің қарқындылығын бағалауға мүмкіндік береді. Осы маркерлерді бірлесіп бағалау обырға дейінгі өзгерістерді дәлірек диагностикалауға ықпал етеді және реактивті өзгерістерді шынайы неопластикалық үдерістерден ажыратуға көмектеседі.

Биоматериал

Парафин блогы түрінде дайындалған жатыр мойнының биопсиялық материалы.

Зерттеудің артықшылықтары

  • Жатыр мойнының обырға дейінгі зақымдануларын диагностикалау дәлдігін арттыру;
  • Патоморфолог пен клиницист үшін қосымша ақпарат беру;
  • Әрі қарайғы бақылау және емдеу тактикасын таңдауға көмектесу;
  • АПВ-мен байланысты зақымданулар кезінде жоғары диагностикалық маңыздылық.                      

Заманауи иммуногистохимиялық әдістер маңызды өзгерістерді ерте кезеңдерде анықтауға және жатыр мойны ауруларының морфологиялық диагностикасының дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз