Жаңалықтар тізіміне
20 шiлде 2026

Жаңалық! Дайын гистологиялық препараттарға консультация

КДЛ Олимп морфологиялық диагностиканың мүмкіндіктерін кеңейтіп, дайын гистологиялық препараттарға консультация беру қызметін ұсынады.

Бұл қызмет бұрын жүргізілген гистологиялық зерттеу бойынша тәуелсіз сараптамалық пікір алуға, диагнозды нақтылауға және пациентті әрі қарай жүргізу тактикасын таңдауда сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Консультация қашан ұсынылады ?

  • Күрделі немесе сирек кездесетін клиникалық жағдайларда;
  • Қойылған диагнозды растау қажет болғанда;
  • Клиникалық және морфологиялық деректер арасында сәйкессіздік болғанда;
  • Мамандандырылған емдеуді бастар алдында;
  • Екінші сараптамалық пікір алу үшін.

Қызметке не кіреді ?

Мамандар дайын гистологиялық микропрепараттарды қайта қарап, ұсынылған клиникалық ақпаратты ескере отырып морфологиялық өзгерістерге талдау жүргізеді. Қажет болған жағдайда диагнозды нақтылау үшін қосымша зерттеу әдістерін ұсынуы мүмкін.

Биоматериал

Консультация үшін дайын гистологиялық шынылар, бар болған жағдайда парафин блоктары, сондай-ақ бастапқы гистологиялық қорытындының көшірмесі ұсынылады.

Қызметтің артықшылықтары

  • Зерттеу нәтижелеріне тәуелсіз сараптамалық баға беру;
  • Диагностикалық дәлдікті арттыру;
  • Клиникалық шешім қабылдауға көмектесу;
  • Диагнозды нақтылау немесе растау мүмкіндігі;
  • Әрі қарайғы емдеу тактикасын таңдауда дәрігер мен пациентке қолдау көрсету.

Зерттеу туралы қосымша ақпарат алу және биоматериалды жолдау ережелері бойынша жеке менеджеріңізге немесе Олимп КДЗ-ның ең жақын бөлімшесіне хабарласыңыз.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз