Кері қайту
29 сәуiр 2024

Жаңа өнім! Beauty «Сұлу тері» жаңартылған бейіні

Beauty «Сұлу тері» бейіні Сізге безеудің себебін, терінің бозғылт түсінің болуын білуге көмектеседі.

 

Жағартылған бейін:

Бейін құрамы:

 

Ферритин – анемия болуының ең сенімді маркері. Бозару, құрғақ тері - анемияның кейбір белгілері.

ТТГ (ультрасезімтал) – зат алмасу процесі белсенділігінің маркері.

Эстрадиол - әйел ағзасының гормоналды денсаулығының негізгі және ең сенімді көрсеткіші.

Тестостерон – эстрадиол деңгейіне арақатынаста гормоналды жүйенің теңгерімі/теңгерімсіздігі туралы айтуға болады.

ДГЭА-сульфат (дегидроэпиандростерон-сульфат) – бұл гормон функцияларының бірі - май бездерінің қызметін реттеу. Май бездерінің шамадан тыс белсенділігі безеулерге әкелуі мүмкін.

IgЕ (Е иммуноглобулині) - аллергиялық реакцияның өршуін болдырмауға арналған.

Гликозилденген гемоглобин - соңғы 3 айдағы қандағы қант концентрациясын бағалауға арналған. Жазылмайтын іріңді тері аурулары - қант диабетінің белгілерінің бірі. Сондай-ақ, қант диабеті ақуыз тапшылығына, бүйректің зақымдалуына және ақуыздар ыдырауының жоғарылауына себеп болуы мүмкін.

Жалпы ақуыз - ақуыздар тері жасушаларын (соның ішінде коллагенді) түзудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ақуыз тапшылығы терінің жаңару процестерін баяулатады, сырттай құрғақтық пен қабыршақтанудың жоғарылауымен байқалады.

Бейінде гормондар болғандықтан, әйелдерге бейінді циклдің 3-7-күні тапсыру керек

 

Алу материалы: күретамыр қаны

 

Бейіндегі бағасы: 17380 тг.

Бөлек-бөлек бағасы: 21940 тг.

 

Бейін Қазақстан бойынша барлық емдеу кабинеттерінде қолжетімді.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз