Кері қайту
1 қаңтар 2023

Жаңа профиль! Вегетариандарға арналған талдаулар

Сіз/Сіздің балаларыңыз етті аз жейсіз бе/жейді ме, немесе одан мүлдем бас тартасыздар ма?

Сіз өсімдіктен жасалған тамақта адам ағзасына қажет кейбір элементтер жоқ екенін білесіз бе: ақуыз, кальций, фосфор, темір, витаминдер бөлігінің және т.б. жеткілікті мөлшері. ОЛИМП КДЗ жаңа "Вегетариандар үшін" профилі тапшылықты қадағалап және оның орнын уақтылы толтыруға көмектеседі. 

"Вегетариандар үшін" профилінің талдаулары:

  • D витамині (25-ОН). D витамині иммундық жүйе үшін ерекше маңызға ие. Бұл витаминнің жетіспеушілігі кальцийдің сіңімділігіне кедергі келтіреді және бұл сүйектердің сынғыштығына әкеледі.

  • В12 витамині. Негізгі көзі - жануарлардан алынатын азық, ағзаның әр жасушасының жұмысына қатысады, қан түзілімі мен жүйке жүйесінің қызметі үшін ерекше маңызды.

  • Жалпы кальций (Са). Сүйектің негізгі компоненті, оның жетіспеушілігі сүйек тіні тығыздығының төмендеуі - остеопорозға әкелуі мүмкін.

  • Жалпы ақуыз. Өсімдіктен жасалған тамақтан жеткілікті ақуыз мөлшерін алатыныңызға көз жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды көрсеткіш.

  • Темір (Fe). Өкінішке қарай, өсімдіктен жасалған тамақта темір аз болады, ал оның жетіспеушілігі қандағы гемоглобиннің азаюы мен анемияның дамуына әкеледі. Темір тапшылығы кезінде әлсіздік, шаршағандық, бас айналу, бастың ауыруы байқалады.

  • Ферритин. Ағзадағы темір қорының индикаторы. Теміртапшылықты анемия диагнозын қоюда маңызды.

  • Жалпы холестерин. Холестериннің жетіспеушілігі жыныс гормондары түзілуінің төмендеуіне, ағзаның D витамині мен кальцийді сіңіре алмауына әкелуі мүмкін.

  • Бейорганикалық фосфор. Сүйек тінінің құрамына кіреді (оның ішінде тістердің), нуклеин қышқылдарының, ақуыздар, майлар, көмірсулардың метаболизміне қатысады, жасушалық өсу мен бөлінуге, оттегі алмасуына қатысады.

  • ЖҚТ (жалпы қан талдауы). Ағзаның жалпы күйін бағалауға арналған скринингтік талдау. ЖҚТ көрсеткіштері: гемоглобин, эритроциттер мөлшері, түстік көрсеткіш, тромбоциттер мен лейкоциттер мөлшері, лейкоцитарлық формула.

Ең жағымдысы, профиль бойынша тапсыру бағасы талдауларды жеке тапсырғаннан гөрі арзанырақ, 22 600  орнына, 16 480 тг.  Профильге дисконттық карта бойынша жеңілдіктер және әлеуметтік жеңілдіктер жүреді.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз