Кері қайту
2 ақпан 2023

Атырау қ. ОЛИМП КДЗ бірегей зертханалық кешенінің ашылуы

 

geo_9614_1.jpg

Құрметті пациенттер!

Біздің керемет жаңалығымыз бар - енді Атырау қаласында да ОЛИМП КДЗ толығымен автоматтандырылған зертханалық кешені ашылды.

 

Бұл Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы Roche компаниясының трек жүйесін пайдаланатын екінші зертхана.

Бірінші жоба Астанадағы ОЛИМП КДЗ-де 2022 жылдың соңында жүзеге асырылды.

Инновациялық әзірленім биохимиялық және иммунохимиялық зерттеулерді орындау үдерісін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік берді.

Түтіктер зертханалық зерттеулердің барлық кезеңдерінде бір құрылғыдан басқасына өздігінен трек бойынша жылжып отырады.

 

Атырау қ. мен Атырау облысының тұрғындары үшін жаңа автоматтандырылған зертханалық кешеннің ашылуы нені білдіреді?

 

1. Талдауларды орындау жылдамдығының артуы.

Трек жүйесін енгізу есебінен қолмен орындалатын операциялар саны максималды түрде қысқартылды, сәйкесінше талдаулар нәтижелері жылдам дайын болады.

 

2. Зерттеулерді орындау сапасының артуы.

Roche компаниясы зертханалық диагностикаға арналған инновациялық жабдық өндірісі саласында жаһандық көшбасшылардың бірі болып табылады. Roche жабдықтары медициналық талдаулардың жоғары сенімділігі мен дәлдігін қамтамасыз етеді.

 

3. Зертхана өнімділігінің артуы.

Зертханалық кешеннің өндірістік қуаты - тәулігіне 100 мың тест.

Зертхана диагностика саласында бүкіл Атыраудың қажеттіліктерін қала халқының жарты миллионға жетуін есепке ала отырып қамтамасыз ете алады.

 

Атырау қ. ОЛИМП КДЗ көпбейінді зертханалық кешені аймақ тұрғындарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС шеңберінде

көрсетілетін бірқатар қазіргі заманғы диагностикалық қызметтердің көп түрімен қамтамасыз етті.

 

Жаңа зертханалық кешен әлемдік стандарттарға сәйкес Атырау облысында диагностиканың жақсаруы мен денсаулық сақтаудың дамуына үлесін қосады.

 

Толығырақ:

Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT

ОЛИМП КДЗ ресми Telegram-каналы

Біздің TikTok-тағы аккаунтымызға жазылыңыздар

Біздің Instagram-дағы аккаунтымызға жазылыңыздар

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз