Кері қайту
30 тамыз 2007

Астана қаласындағы Жедел медициналық жәрдем қызметінің дамуына деген қамқорлықпен

Конституция күнін мейрамы қарсаңында, 29.08.2007 ж. «ОЛИМП» клиникалық диагностикалық зертханасы «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» екі Hewlett-Packard L1706  17 сұйық кристалды мониторларымен Hewlett-Packard екі жоғары өнімді компьютерін; үздіксіз қуат көздерін; Zyxel ADSL модемі, екі Hewlett-Packard Laser Jet 1018 лазерлік принтері және желіаралық экранды сыйға тартты. «ОЛИМП» КДЗ маркетинг бөлімінің басшысы Алексей Балась Жедел медициналық жәрдем станциясының ұжымы алдында сөйлеген сөзінде: «Денсаулық – халықтың баға жетпес игілігі! Ал еліміздің басты құжаты – Конституцияда әрбір қазақстандықтың мемлекет кепілдік берген көлемде тегін медициналық көмек алу құқығы бекітілген. Бұл ретте ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде денсаулық сақтау саласының бизнес құрылымдарына қолдау көрсететінін бірнеше рет атап өтті. Осы орайда біз медицина саласының «алдыңғы шебіндегілерге» және уақыттың тапшы, кейде тіпті өмірлік маңызды фактор болатын жағдайына түскен жандарға демеушілік көмек көрсетуге шешім қабылдадық. Бүгін біз қалалық жедел жәрдем станциясының автоматтандырылған басқару жүйесін іске асыратын жоғары технологиялық жабдықты сыйға тартып жатырмыз. Оңт-шығ (Юго-восток) ш/а, Промышленный а, Күйгенжар а. қызмет көрсететін №1 қосалқы станциясының және сол жағалауға қызмет көрсететін №4 қосалқы станциясының тоқтаусыз дерек алмасуын тездетіп, жедел өзара әрекеттесуін жақсартады, нәтижесінде Астана қ. қарқынды дамып келе жатқан аудандарының халқына жедел мед. көмек көрсетуге оң әсерін тигізеді.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз