20 сәуiр 2015
«Ұрпақтардың алғысы» кең ауқымды науқанына алғашқылардың бірі болып «ОЛИМП»клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі қолдады
Жеңістің 70 жылдығына орай «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы «Ұрпақтардың алғысы» әлеуметтік жобасының іске қосылғанын хабарлады. Жоба еліміздің барлық кәсіпкерлерін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ортақ көмек көрсетуге шақырады.
«Ұрпақтардың алғысы» науқанын алғашқылардың бірі болып «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханаларының ірі желісі қолдады. «ОЛИМП» КДЗ ҰОС қатысушыларына медициналық қызметтердің барлық спектрін тегін ұсынады. Науқан Қазақстанның барлық қалаларында тұрақты негізде әрекет етеді.
«Ұрпақтардың алғысы» науқаны аясында Астана қаласындағы «ОЛИМП» КДЗ емдеу бөлмесіне Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.
Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз