Микробиологиялық зерттеулердің дайындық мерзімдерін қысқарту
Құрметті пациенттер, Сіздерге Алматы қаласындағы зертхана базасында микробиологиялық бөлімшенің ашылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз!
Алматы қаласында микробиологиялық зерттеулер жүргізу қаланың барлық тұрғындары үшін зерттеудің осы түрінің дайындық мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
«ОЛИМП» КДЗ - Қазақстан Республикасындағы жеке меншік зертханалардың ірі желісі, ол облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалаларды ғана емес, аудан орталықтарын да қоса алғанда, бүкіл Қазақстан аумағында 180-нен астам емдеу бөлмелерді қамтиды. Қазақстандағы зертханалық диагностика нарығында көшбасшы бола отырып, «ОЛИМП» КДЗ орындалатын талдаулар тізбегін ұдайы кеңейтіп отырады және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жұмыс істейді, еліміздің барлық тұрғындарын әлемдік деңгейде заманауи зерттеулермен қамтамасыз етуге ұмтылады.