«Ulttyq O' nim» жыл сайынғы көрмесіне «ОЛИМП КДЗ» қатысуы
5-7 мамырда Астанада «Көрме» көрме орталығында қазақстандық өндірушілердің 4-ші жыл сайынғы «Ulttyq O ' nim» көрмесі өтті, оның ұйымдастырушысы «Даму» Қоры АҚ болып табылады. Көрме отандық компаниялар мен қазақстандық бизнесті дамыту үшін жаңа ауқымды алаңға айналды.
«ОЛИМП КДЗ» қызметкерлері іс-шараға белсенді қатысып, әрбір қонаққа Қазақстанның кез келген жерінде франшиза ашу үшін дайын шешіммен танысуға мүмкіндік берді.
«ОЛИМП КДЗ» Франчайзинг жобасы 2017 жылғы наурыздан басталды және бүгінгі күні Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Көкшетау, Қостанай және Қарағанды қалаларында бірқатар жұмыс істеп тұрған фрачайзи-әріптестердің емшара бөлмелері бар.
Көрмеге келушілер үшін жағымды бонус медициналық тексерулерге 15% дейін жеңілдікті пайдалануға мүмкіндік беретін шектеулі дисконттық карталарының ұтыс ойыны болды.
«Олимп КДЗ» 10 жылдан астам уақыт бойы халыққа тегін медициналық көмекті (ТМККК) мемлекеттік қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік және жеке әріптестермен табысты өзара іс-қимылды жалғастыруда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде инновациялық және маңызды медициналық жобаларды іске асырады.