Кері қайту
3 мамыр 2018

ОЛИМП КДЗ «Педиатрияның заманауи мәселелері: кеше, бүгін, ертең» ғылыми-практикалық конференциясына қатысуы

2018 жылдың 2 мамырында педиатр дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері үшін «Педиатрияның қазіргі заманғы мәселелері: кеше, бүгін, ертең» тақырыбы бойынша халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция бағдарламасы:

1. Балалар гастроэнтерологиясының проблемалары

2. Тыныс алу және аллергиялық аурулардың проблемалары

3. Балалар инфекцияларының алдын алу мәселелері.

 

«ОЛИМП» КДЗ қызметкерлері іс-шараға белсенді қатысып, аллергия диагностикасының өзекті мәселелері, атап айтқанда молекулалық аллергодиагностиканың жаңа бағыты және баланың иммунитетінің негізгі көрсеткіштерін анықтау туралы ақпарат берді. Олар «ОЛИМП» КДЗ диагностикалау мүмкіндігін еске түсіріп, балалар гельминтозының тақырыбын, паразиттердің бала ағзасына теріс әсеріне тоқталды.

Конференция  профессор, РФ еңбек сіңірген дәрігері, РФ ДСМ «Ресей үздіксіз дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясы» ҚКБ ФМББМ педиатрия кафедрасының меңгерушісі, РФ Орталық федералды округінің бас педиатры, РФ ДСМ балалар денсаулығы ғылыми орталығының құрметті профессоры медицина ғылымдарының докторы И. Н. Захарованың, профессор, «АМУ» АҚ, Астана, балалар аурулары кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Л. Н. Скучалинаның,  «АМУ» АҚ балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. С. Т. Абдрахманованың, Астана, «АМУ» АҚ, Астана, балалар аурулары кафедрасының доценті, м.ғ.к. Р. Т. Сатыбаеваның қатысуымен өтті.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз