Кері қайту
3 наурыз 2015

Назар аударыңыз! Наурыз және сәуір - эпидемиялық паротит ауруының шыңы

Наурыз және сәуір айлары вирустық паротит («шошқаборық») ауруының шыңы болғандықтан, «ОЛИМП» КДЗ желісі эпидемиологиялық сақтық танытуға және осы инфекцияның таралуына жол бермеуге шақырады. Ол үшін ауруды уақытында анықтап, науқасты басқа адамдармен байланыста болудан қорғау керек, бұл әсіресе балалар ұжымдарында маңызды.

«ОЛИМП» КДЗ желісінде вирустық паротитті диагностикалаудың ИФТ-әдістері бар: паротит вирусына IgG және IgM класты антиденелер

Паротит белгілері туралы толығырақ «Сіз шошқаборық туралы не білесіз?»  мақаласынан оқыңыз

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз