Демікпе және аллергия» XIX Халықаралық ғылыми конгресі
2019 жылғы 25-26 сәуірде Алматы қаласында ҚР аллергологтар қауымдастығының президенті, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ж. Б. Испаеваның жетекшілігімен «Демікпе және аллергия» XIX Халықаралық ғылыми конгресі өтуде.
Конгресс ұйымдастырушылары:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
- С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
- Қазақстандық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігі.
- Молекулалық Аллергология және иммунология бойынша университеттердің халықаралық желісі.
- Қазақ бастапқы иммун тапшылығы қауымдастығы
Конгрессте қарастырылатын негізгі мәселелер:
- Аллергологиядағы инновациялар. Молекулалық аллергология
- Бронх демікпесін диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері
- Атопиялық дерматитті диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері
- Аллергиялық ринитті диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері
- Есекжемді диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері
- Дәрілік, вакцинадан кейінгі, инсектік аллергияны диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері
- Аллергологиядағы шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері.
- Аллергия мен иммунитеттің өзара байланысы, қайталама иммунитет тапшылығын диагностикалау, алдын алу және емдеудің заманауи тәсілдері.
- Инфекция, иммунитет және аллергия
- Вакцинамен алдын алу
- Бастапқы иммунитет тапшылығы.
Конференцияның ашылуы ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. А. Біртановтың, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Т. С. Нұрғожиннің қатысуымен өтті.
ОЛИМП КДЗ қызметкерлері осы іс-шараға аллергияны диагностикалаудағы заманауи тәсілдер мәселелерін, атап айтқанда молекулалық аллергодиагностиканың жаңа бағытын және адам иммунитетінің негізгі көрсеткіштерін айқындай отырып, белсенді қатысты.
ОЛИМП КДЗ-нан Фадиа компаниясымен бірлесіп 3 лектор сөз сөйлейді:
1. м. ғ. д., профессор Наконечна А. А., Ливерпуль, Ұлыбритания - «Аллергенді анафилаксия молекулалары»
2. м. ғ. д., профессор Пампура А. Н., Мәскеу, Ресей – «Үй жануарлары -аллергиямен ауыратындардың «достары немесе жаулары»? Жүнді жануарлардың аллергенді молекулалары»
3. MD, PhD профессор Ханнес Стокингер, Вена, Австрия - «Иммунотерапия үшін Т-жасушалық антигендік рецепторлардың сигналын беру және наноөлшемді ұйымдастыру»