
Мамыр науқаны! «Биохимия» чекапы 2025 жылғы 1 және 31 мамыр аралығында
Ағзаның толық бейнесі үшін 28 талдау
Чекап құрамы
- Магний (Мg)
- Жалпы общий
- Глюкоза
- Ферритин
- Калий
- Темір (Fe)
- Натрий
- Хлор
- Бейорганикалық фосфор
- Жалпы холестерин
- Холестерин-ТТЛП
- Холестерин-ЖТЛП
- Триглицеридтер
- Аланинаминотрансфераза (АЛТ)
- Аспартатаминотрансфераза (АСТ)
- Гаммаглютамилтрансфераза (ГГТП)
- Жалпы билирубин
- Тікелей билирубин
- Сілтілік фосфатаза
- Гликозилденген гемоглобин
- Ұйқы безі альфа-амилазасы
- Лактатдегидрогеназа (ЛДГ)
- Жалпы ақуыз
- С-реактивті ақуыз
- Ревматоидты фактор
- Несепнәр
- Несеп қышқылы
- Креатинин
Бөлек-бөлек бағасы: 46 400 тг.
Науқан бойынша бағасы: 29 500 тг.
Шаршау, ұйқысыздық, көңіл-күйдің жиі өзгеруі, салмақ, тері мен шашқа қатысты мәселелер күйзелістің салдары ғана емес, сондай-ақ ағзадағы жасырын бұзылыстардың белгілері де болуы мүмкін.
Осы талдаулардың әрқайсысы - жалпы көріністің маңызды бір бөлігі: зат алмасуды бақылаудан бастап бауыр, бүйрек пен жүрек жұмысын және иммунитеттің жай-күйін бағалауға дейін.
Магний
- Ақуыз синтезіне, жүйке импульстарының берілуіне, бұлшықеттердің, жүрек пен қан тамырларының жұмысын реттеуге қатысатын минерал
Кальций
- Сүйектер мен тістердің негізгі құрылыс материалы, сондай-ақ қанның ұюы мен бұлшықет белсенділігін реттегіш
Калий
- Жүректің жұмысын, жүйке импульстарының өтімділігін және бұлшықеттердің жиырылуын қамтамасыз ететін электролит
Натрий
- Су-тұз алмасуын және жүйке-бұлшықет қозғыштығын реттейтін минерал
Ферритин
- Ағзадағы темір қорын сақтайтын ақуыз
Глюкоза
- Глюкоза деңгейінің өзгеруі - көмірсулар алмасуы бұзылуының тікелей көрсеткіші
Жалпы холестерин
- Қандағы холестериннің барлық фракцияларын көрсеткіш.
- Көрсеткіштің жоғарылауы атеросклероз, инфаркт, инсульт тәуекеліне байланысты.
ТТЛП (жаман холестерин)
- Холестеринді қан тамырларының қабырғаларына тасымалдайды, түйіншектерді түзеді.
- Жоғары деңгейі - инфаркт пен инсульттің тәуекел факторы.
ЖТЛП (жақсы холестерин)
- Холестеринді қайта өңдеу үшін бауырға тасымалдайды.
- Төмен деңгейі — жүрек-қан тамырлары ауруларының тәуекелі.
Триглицеридтер
- Қан майлары. Семіздік, қант диабеті, алкогольге тәуелділік кезінде жоғары мәндер болуы мүмкін
АЛТ (аланинаминотрансфераза)
- Бауыр жасушаларында болатын фермент. Бауыр зақымданған кезде (вирустар, токсиндер, алкоголь) АЛТ қанға түседі.
АСТ (аспартатаминотрансфераза)
- Жүректе, бауырда, бұлшықеттерде орналасқан фермент. Жоғары деңгейі жүректің немесе бауырдың зақымдалуын білдіруі мүмкін
ГГТП
- Аминқышқылдарының алмасуына қатысатын фермент. Көрсеткіштің жоғарылауы өттің іркілуін, бауырдың алкоголь салдарынан зақымдануын көрсетеді
Жалпы және тікелей билирубин
- Эритроциттер ыдыраған кезде пайда болатын пигмент. Бауырмен немесе өт қабымен мәселелер билирубиннің жиналуына және сарғаюға себеп болады
Сілтілік фосфатаза
- Ферменттің жоғарылауы бауыр ауруларын немесе сүйек алмасуының бұзылуын көрсетуі мүмкін
Креатинин
- Бұлшықет тінінің ыдырау өнімі, бүйрек арқылы шығарылады. Көрсеткіштің жоғарылауы бүйрек жеткіліксіздігімен, сусызданумен байланысты
Несепнәр
- Ақуыз алмасуының түпкілікті өнімі. Бүйректің токсиндерді кетіру қабілетін көрсетеді
Несеп қышқылы
- Пуриндер ыдырауының жанама өнімі. Көрсеткіштің жоғарылауы подаграға, зат алмасудың бұзылуына байланысты
С-реактивті ақуыз (СРА)
- Қабыну кезінде жоғарылайтын ақуыз. Басқа белгілер болмаған кезде де қабыну процестерін анықтауға көмектеседі
Ревматоидты фактор
- ағза қателесіп өз тіндеріне қарсы шығара бастайтын антиденелер (иммундық жүйенің ақуыздары). Қалыпты жағдайда олар болмауы керек. Ревматоидты фактордың пайда болуы - ағзада иммундық жүйе өз буындарына немесе басқа мүшелерге шабуыл жасайтын аутоиммунды процестің даму белгісі
Гликозилденген гемоглобин
- Глюкоза молекулалары қосылған гемоглобин (эритроциттердің ақуызы) нысаны
Ұйқы безі альфа-амилазасы
- ұйқы безі мен сілекей бездері түзетін фермент. Ол күрделі көмірсуларды қарапайым қантқа дейін ыдырату процесіне қатысады. Көрсеткіштің жоғарылауы панкреатитпен, ағындардың бітелуіне (тас) байланысты
Лактатдегидрогеназа (ЛДГ)
- оттегі жетіспейтін жағдайда глюкозаны энергияға айналдыруға қатысатын фермент. Ол ағзаның барлық дерлік жасушаларында бар: жүректе, бауырда, бүйректе, қаңқа бұлшықетінде, эритроциттерде. Оның қандағы көрсеткішінің жоғарылауы жасушалардың бұзылуын көрсетеді