Кері қайту
бастап30.04.2025дейін31.05.2025
30 күнқалды

Мамыр науқаны! "АИТВ, мерез, гепатит" профилі 2025 жылғы 1 және 31 мамыр аралығында

9,400 ₸ орнына14,860 ₸

Үш қауіп – бір талдау

Профиль құрамы:

  • Мерез (Treponema pallidum-ге жиынтық антиденелер)
  • Иммунохемилюминесценция әдісімен қан сарысуында адамның иммунтапшылығы вирусына (АИТВ) жиынтық антиденелерді анықтау
  • HBsAg (В гепатиті вирусының беткі антигені)
  • Анти-HCV total Жиынтық антиденелер

 

Бөлек-бөлек бағасы: 14 860 тг.

Науқан бойынша бағасы: 9 400 тг.

 

Әлемде күн сайын мыңдаған адамға АИТВ, мерез және вирустық гепатит жұғады. Көп жағдайда олардың белгілері алғашқы кезеңдерде байқалмайды, адам басқаларды жұқтырып, емделуге уақыт жоғалтып, ауру туралы жылдар бойы білмей жүре беруі мүмкін.

 

АИТВ

Адамның иммунтапшылығы вирусы (АИТВ) иммундық жүйені бұзады, ағзаны әлсіретеді, оны жұқпалар мен онкологиялық аурулар алдында қорғансыз етеді. АИТВ емделмесе, ол ЖИТС кезеңіне өтеді.

Жұқтыру жолдары:

  • Жыныстық қатынас;
  • Қан (шприцтер, медициналық құралдар арқылы, қан құю кезінде);
  • Жүктілік, босану немесе ана сүтімен емізу кезінде анадан балаға

Белгілері:

АИТВ-ның ерте кезеңінде айқын белгілер жиі болмайды. Ықтимал белгілер:

  • Қызба;
  • Лимфа түйіндерінің ісінуі;
  • Бөртпе;
  • Шаршағыштық.

Бұл белгілер тез жоғалады және ауру бірнеше жылға созылуы мүмкін жасырын кезеңге өтеді.

АИТВ терапия арқылы оңай бақыланады. Емдеу неғұрлым ерте басталса, өмір соғұрлым ұзақ әрі сапалы болады.

Мерез

Treponema pallidum бактериясы тудыратын жұқпа. Ол теріге, ішкі мүшелерге, сүйектерге және жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін.

Жұқтыру жолдары:

  • Жыныстық қатынас;
  • Қан арқылы;
  • Жүкті анадан балаға

Белгілері:

Бірінші кезең:

  • Жұқпаның ену орнында ауыртпалықсыз жара (шанкр).

Екінші кезең:

  • Терідегі және шырышты қабаттардағы бөртпелер;
  • Қызба;
  • Тамақтың ауруы;

Кейінгі кезеңдер:

  • Жүректің, мидың, көру және есту мүшелерінің зақымдануы;
  • Мүгедектік;
  • Өлім

Ауруды уақтылы анықтау мерезді ерте кезеңде толық емдейді

B, C гепатиттері

Вирустық гепатит - вирустардан туындайтын бауырдың қабынуы. Өмірге ең қауіпті - вирустық В және С гепатиттері, себебі олар жиі созылмалы түрге ауысады және ауыр зардаптарға - циррозға және бауырдың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін

B гепатиті - ең қауіпті жұқпалардың бірі, жұқтыру жолдары:

  • Қан арқылы (қан құю, стерильді емес инелер мен құралдар, ұстара мен тіс щеткаларын бірге пайдалану);
  • Жыныстық қатынас;
  • Босану кезінде жұқтырылған анадан балаға

C гепатиті негізінен қан арқылы жұғады:

  • Есірткіні инъекциялық тұтыну;
  • Қан құю;
  • Стерильділігі бұзылған медициналық және косметикалық рәсімдер (маникюр, пирсинг, татуировки)
  • Жыныстық қатынас арқылы сирек

С гепатитінің асқынулары:

  • Бауыр циррозы;
  • Бауырдың қатерлі ісігі;
  • Бауыр жеткіліксіздігі

Ерте диагностикалу ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді