Кері қайту

Қандағы 11-деоксикортизол (хроматография)

11-деоксикортизол (сондай-ақ 11-дезоксикортизол, кортодоксон, кортексолон немесе 17- α, 21-дигидроксипрогестерон, 17 α -пропионат ретінде белгілі) стероидогенез үдерісінде кортизолдың тікелей бастамашысы болып табылады. Ол бүйрек үсті бездерімен аз мөлшерде түзіледі және 11-бета-гидроксилаза (CYP11B1) ферменттің әсерінен кортизолға айналады. 11-бета-гидроксилаза тапшылығы кезінде, мысалы, бүйрек үсті безіндегі туа біткен гиперплазия кезінде 11-деоксикортизол ағзада жинақталуы мүмкін.

Деңгейдің ұлғаюы келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  • 11 β- гидроксилаза ферменттің жеткіліксіздігінен пайда болған бүйрек үсті безі қыртысының туа біткен гиперплазиясы;
  • гипоталамикалық ісік;
  • гипофиз микроаденомасы;
  • гипофиз апоплексиясы;
  • жоғары психоэмоционалдық және/немесе денелік күштену жағдайы.

Деңгейдің төмендеуі келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  • Аддисон ауруы;
  • адреногениталды синдром;
  • гипофиздің гипофункциясы;
  • спецификалық емес инъекциялық полиартрит;
  • бронх демікпесі.