Anti-Rub IgМ (қызамық вирусына IgМ классының антиденелері)
Қызамық – ауа-тамшылы жолмен берілетін жедел жұқпалы ауру, қоздырғышы Rubivirus тұқымдасының қызамық вирусы болып табылады. Ұрықтың құрсақ ішілік дамуына ерекше қауіптілігі бар жүкті әйелдердің аурулар тобына жататынTORCH-инфекциялар тобына кіреді. Орта есеппен 33% әйелдерде адамдарда жүктілік кезінде инфекцияны жұқтыру ықтималдығының қаупі бар. Негізгі клиникалық белгілеріне денесінде пайда болған ұсақдақты бөртпелер мен лимфалық түйіндердің ұлғаюы жатады. 40% жағдайда қызамық симптомсыз түрде жүреді, оған қоса жүкті әйелдің ағзасында вирус ұзақ уақыт болуымен бірге ұрық үшін қызамықтың жасырын түрі аса үлкен қауіп төндіреді. Жүктіліктің алғашқы екі айында әйел вирусты жұқтырған кезде ұрықта жүректің даму ақауы, көз мүшесінің зақымдану қаупі өте жоғары болады. Жүктіліктің үшінші-төртінші айында вирус жұқтырылған кезде орталық жүйке жүйесі мен есту мүшесінде ауыр ақаулардың қалыптасу қаупі бар.
Егер әйел адам жүктіліктің алғашқы 6 аптасында ауырған болса, онда туа пайда болған ауытқулар қаупі 56% құрайды, 13-16 апталарда – 6 пайыздан 10 пайызға дейін құрайды. 16 аптадан кейін – ерекше қауіп байқалмайды. Қызамықтың нақты диагнозын тек қызамық вирусына IgG және IgM антиденелерін анықтау арқылы қоюға болады.
Anti-Rub IgМ – бұл аурудың жедел кезеңінде пайда болатын (шамамен 2 ай ішінде) қызамық вирусына антидене. Дәрігер осы ауруға күдіктенген жағдайда талдау «қызамық» диагнозын қоюға көмектеседі. 50% тексерілушілерде бөртпе пайда болғанда бірінші күні ағзасында антидене түзіледі, 5 күннен кейін - 90%. 2 аптадан кейін барлық қызамықпен ауырған науқастарда пайда болады.
Anti-Rub IgM осы ауруға тән бқртпелер пайда болған соң 3 күннен кейін 50% науқастарда анықталады. 8-ші күні - 90% анықталады. 20-шы күні барлық тексерілушілерден анықталады. Нәрестелерде антиденелердің анықталмауы туа пайда болған инфекцияны жоққа шығарады. Талдауды тағайындаудың негізгі мақсаты-емделушінің қызамық вирусына қарсы иммундық қорғанысын диагностикалау. 6 апта өткен соң IgM концентрациясы біртіндеп төмендейді және тек 50% емделушілерде анықталады. Бірен-саран жағдайда ғана антидене жыл бойы сақталады. Туа пайда болған қызамық кезінде нәрестелерде бірден Anti-Rub IgM анықталады.
Талдаудың жалған оң және жалған теріс нәтижелері цитомегаловирусты, қызылша вирусын немесе В19 парвовирусты жұқтырған кезде болуы мүмкін.