Кері қайту

Anti-Toxo IgG (Toxoplasma gondii IgG классының антиденелері)

Токсоплазмоз – өзінің күрделі тіршілік кезеңі бар, Toxoplasma gondii жасушаішілік қарапайым микроағзалармен шақырылатын жұқпалы ауру. Паразиттің соңғы иесі мысықтар өкілі, соның ішінде үй мысығыі болып табылады. Мысықтар алмиентарлы жолмен (ауыз арқылы) жұқтырады. Әрі қарай токсоплазмалар ішектің жасушаларына еніп, сол жерде микро-макрогаметалар қалыптастырады. Осыдан кейін ооциттер (жұмыртқа жасушасы) түзіледі, олар сыртқа ортаға жануардың нәжісімен шығарылады.  Токсоплазма адам ағзасына ооцит түрінде гигиена ережелерін сақтамау себебінен алиментарлы жолмен қоздырғыш ауыз арқылы жұтылады. Адам денесінде токсоплазмалар екі даму сатысынан өтеді:

Эндозоит – белсенді көбейетін жасушаішілік түрі жасушалардың бұзылысын және жедел қабынуды шақырады. Эндозоиттің болуы токсоплазмоздың деле сатысына тән;

Цисталар – тығыз қабықшамен қоршалған шар пішіндес паразит. Мұндай пішіндегі паразит адамның ішкі денесінде ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделген және ағзаның иммунитетінен қорғанған. Цисталар бас миында, көздің торлы қабатында, бұлшықет ұлпасында орналасуы мүмкін. Бұл кезде жедел қабыну туындамайды. Цисталардың болуы токсоплазмоздың созылмалы ағымына тән.

Токсоплазмоз жүкті әйелдерге ерекше қауіптілік төндіреді. Ол ұрықтың құрсақішілік дамуына қауіпті болып саналатын TORCH-инфекциялар (токсоплазмоз, қызамық, цитомегаловирус, герпес) аурулар тобына кіреді. Жүктіліктің І триместрінде жұқтырылған болса туа біткен токсоплазмоз балаларда 20% жағдайда анықталады, әрине аурудың ағымы ауыр болады. ІІІ триместрде жұқтырылған болса ұрыққа 65% жағдайда әсер етеді.  Өздігінен түсік тастау және ұрық дамуында ауытқулардың пайда болуы аурудың қауіп-қатері болып табылады. Токсоплазманы тасымалдаушыны жедел токсоплазмоздан ажыратқан жөн.

Сондықтан зертханалық диагностикада екі талдау қолданылады: токсоплазмаға IgG және IgM класының антиденелерін анықтау.

Талдау жыныстық инфекциялардың серологиялық диагностикасына жатады.  Зерттелетін материалға қоздырғышқа антиденелері анықталатын қан алынады. Антиденелер – бұл нақты бөгде нәруыз – антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда антиген ретінде токсоплазма (Toxoplasma gondii) болып табылады. Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM.  Дегенмен, антиденелердің концентрациясы жоғары болғанның өзінде де иммунитет бруцеллезды әрдайым жеңе алмайды. Тізімделген әрбір антиденелердің өзіне тән қызметі және пайда болуы кезеңі бар.

IgМ класының антиденелері аурудың жедел кезеңінде бірінші аптада пайда болады және максимальды концентрацияға 3 аптадан кейін жетеді. 2-3 ай өткен соң бұл антиденелер біртіндеп жоғалады.  Қайтадан жұқтыру немесе созылмалы түрдің өршуі болған кезде – IgМ қайтадан пайда болады. Олар туа біткен токсоплазмозы бар 75% нәрестелерден және токсоплазмоздың жедел түрімен ауырған 97% ересек адамдардан анықталады.

IgG класының антиденелері науқастың жазылу кезеңінде пайда болады және ауырып кеткендерде 10 жылға дейін сақталады. IgG - сауығу кезеңін диагностикалау және вакцинациядан кейін иммунитеттің қауырттылығын бағалау үшін қажет. Жалған оң нәтиже кейде ревматоидты фактор мен антинуклеарлы антиденелері бар емделушілерде кездеседі.