Қандағы антиспермалдық антиденелер
Антиспермальді антидене - шәует мембранасында болатын антигендерге қарсы өндірілетін антиденелер. Басқаша айтқанда, әйел адамның немесе ер адамның иммундық жүйесінің жұмысында кінәрат болған кезде ағза шәуетке қарсы шабуылдайды, бұл екі жынысқа да бедеуліктің себебі болады.
Әйелдердегі антиспермальді антидене:
Әйел ағзасында антиспермальды антиденелердің пайда болу себептері әлі жеткілікті зерттелген жоқ, бірақ бұл патологияны түсіндіре алатын бірнеше теориялар бар:
Қалыпты жағдайда, овуляция кезінде иммундық жасушалардың белсенділігін тежейтін жасушалық механизмдер іске қосылады, яғни иммунды жауаптың жалпы және жергілікті механизмдері төмендегенде жүреді. Бірақ кейбір патологиялық жағдайларда, мысалы үшін әйел адамның жыныстық жүйесінде жұқпалы үрдістің болуына байланысты (хламидиоз, трихомониаз және т.б.) иммунитеттің жалпы және жергілікті механизмдерінің белсенуі жүргендіктен шәуетті антигендік құрылым ретінде танып оларға сәйкес антиденелер өндіреді.
Кейбір жағдайларда иммундыынталандырушы дәрілік затты қабылдағанда иммунды жасушалардың гипербелсенділігі шақырылады. Бұл кезде иммундыкомпетентті жасушалар бұрын антигендік құрылымдар ретінде танылмаған шәуетті бөгде жасуша ретінде таниды.
Ерлердегі антиспермальді антидене:
Шәуеттің генетикалық құрылымы ер адамның басқа жасушалар құрылымынан 50% айврмашылығы бар. Демек, егер ер адамның иммундық жүйесі шәуетпен «кездескеде» оларға қарсы шабуылдайды. Бақытымызға орай, физиологиялық жағдайда ер адамның жыныстық жасушаларын аутоагрессиядан қорғайтын бірқатар механизмдер бар, бірақ белгілі бір патологиялық үрдістердің дамуымен қорғаныс механизмдері бұзылып, шәуеттер өздерінің иммундық жасушалары арқылы антигендік құрылымдар ретінде танылады:
Қалыпты жағдайда шәует жасушасы аталық бездегі Сертоли жасушаларының қызметінің арқасында дамиды, олар бір жағынан жәует жасушасының өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін бірқатар ферменттер шығарады, екінші жағынан иммундық жасушалардың қаннан аталық безге енуіне жол бермейтін гематотестикулярлы тосқауылды (қан арнасы мен аталық без арасындағы тосқауыл) түзеді. Қабыну реакцияларының немесе механикалық зақымдану салдарынан осы тосқауылдың тұтастығы бұзылған кезде гематотестикулярлы тосқауыл арқылы иммундық жасушалар оңай енеді де шәует жасушасын антигендік құрылым ретінде қабылдай бастайды. Антиденелер шәует жасушасына емес, оның жеке бөліктеріне өндірілетінін атап өту керек, антиденелердің бүтін жасуша құрамына кіретін белгілі нәруыздық бірліктеріне өндірілуі жүреді. Қалыпты жағдайда иммундық жасушалар жетілген шәует жасушаларымен кездескенде иммундық реакциялар дамымайды, себебі жауап ретінде аутоиммундық реакцияларды тудыруы мүмкін кейбір нәруыз молекулалары басқа нәруыздың құрылыммен қапсырылған иммунды жасушаларымен таныс болғандықтан оларға қарсы агрессия туыдырмайды. Тосқауылдың зақымдануы жүргенде иммундық жасушалар бұрын таныс болмаған нәруыз молекулаларымен кездеседі, ал олар өз кезегінде елеусіз (көрінбейтін) қабілетке ие болуға үлгермеген.
Шәует жасушасының даму үрдісінде оның қалыпты қызмет етуі үшін қажет заттар мен ферменттер өндірілуі жеткіліксіз болады, бұл жедел және созылмалы немесе ұзақ ашығу салдарымен байланысты болуы мүмкін. Осыған байланысты жетілген шәует жасушасы өзінің арсеналына әйел адамның ағзасындағы жасушалық құрылымдары, мысалы, спермоплазманың иммунды супрессивтік факторы ретінде антигеннің танылуына жол бермейтін механизмдердің белгілі бір бөлігін ала алмауы мүмкін.
Барлық жоғарыда аталған үрдістер осы немесе басқа жолмен соңында антиспермальді антидененің өндірілуіне әкеледі және әйелдің және ердің үнемі қан ағымында олардың айналып жүруі физиологиялық жағдайда ұрықтану үрдісін іс жүзінде мүмкін емес етеді.