β-АХГ антиденелері
Адамның хорионды гонадотропині (АХГ) – жүктілік кезінде ұрықжолдасында өндірілетін гормон. Гормон жүктіліктің қалыпты өтуіне, сондай-ақ құрсақ ішілік даму кезеңінде баланың дұрыс өсіп-жетілуіне қажет.
АХГ бета-фрагменті – бұл тек АХГ тән гормонның ерекше компоненті, осы орайда альфа-фрагмент кейбір басқа гормондар үшін жалпы болып табылады.
АХГ-бета антидене – бұл жойылуға тиіс бөгде агент ретінде танылған ағзаның иммундық жүйесінің аутоантиденесі. Мұндай аутоиммундық аурулар кезінде бұзылыстар жүреді, соның салдарынан қан арнасында айналып жүрген АХГ мөлшері азаяды.
Аурудың клиникалық көрінісі жүктілік уақытында байқалады, бұл кезде ағза АХГ тапшылығын айрықша сезеді. Антидененің жоғары концентрациясы кезінде әйел адам құрсақ көтере алмайды, өйткені ұрықтың бекіну (имплантация) үрдісі бұзылады. Егер антидене титрі орташа болса, онда өздігінен түсік тастау ықтималдығы бар. Анти-АХГ төмен деңгейі түсік тастауға сирек себепші болады, алайда ұрықтың құрсақ ішілік даму үрдісі баяулайды.