Шумақтың базальды мембранасының антиденелері (Anti-GBM)
Сынақ Гудпасчер синдромын диагностикалауда қолданылады.
Антиденелердің осы түрімен байланысты аурулар сирек кездесетін аутоиммунды аурулар болып табылады, оларда иммунитет бүйрек шумақтарының базальды мембранасының және альвеолярлы эпителийдің қалыпты компоненттеріне қарсы бағытталған. Антиденелердің осы түрі үшін негізгі антигендік нысанасы бүйректерде, өкпеде, көз бұршағында, ми мен аталық безде болатын IV типтегі коллагеннің NC1 домендегі альфа-3 тізбегі болып табылады, бірақ құрылымдарының бірегей ерекшеліктеріне байланысты бүйрек шумақтары аса қолайлы шығар.
Аурудың өкпелік белгілері альвеолярлық эпителий тұтастығын бұзатын (темекі шегу, басқа да тыныс арқылы енетін токсикалық заттар, респираторлық инфекциялар) факторлардың әсерлерімен әрекеттесуі мүмкін. Антиденелер әсерімен ынталану нәтижесінде жергілікті иммунды патологиялық үрдіспен қоса бүйрек патологиясы, жылдам үдемелі гломерулонефрит, өкпелік қан кетулер, жүйе патологиялардың белгілері сияқты клиникалық көріністер дамиды.
Гломерулонефрит пен геморрагиялық альвеолиттің (бүйрек-өкпелік синдром) бірлесуі Гудпасчер синдромы деп аталады. Ауру генетикалық бейімділік сипатында жүреді, бұл патологияның кездесу жиілігі ер адамдар арасында жоғары. Ерте тексерулер жүргізу дұрыс ем тағайындау және ауруды болжау үшін аса маңызды. Базалдық мембранаға антиденелерді анықтау диагностикалық болып табылады және өкпелік қан кетулермен және гломерулонефритпен байланысты басқа себептерден туындаған патологиялардан ажыратуға көмектеседі.